Оқу-әдістемелік жұмыс

Оқу-әдістемелік жұмыс

Оқу-әдістемелік жұмыс

Кафедраның білім беру бағдарламалары

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 
стандарттары,
базалық оқу жоспарлары,
- бітіруші түлек үлгісіне,
- ақпараттық пакеттер
- мен курстың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

​​Білім беру саласындағы нарықтық қатынастарының дамуы және бәсекелестіктің артуы жағдайларында «Қаржы, есеп және бағалау» кафедрасы оқу процесінің сапасына ерекше назар аударады. Бұл оқытудың:
- іскер ойындар,
- кейс-стади,
- ғылыми жобалар,
- математикалық үлгілеу
сияқты әдіс-тәсілдердің қолданылуы арқылы көрініс табады. 


 

Кафедра мамандықтары бойынша оқу бағдарламалар «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының талаптары мен ұсыныстарын жетекшілікке ала отырып түзіледі. Ал бұл «Қаржы», «Есеп және аудит», «Бағалау» мамандықтарының тартымдылығын арттырады және де кафедраның бітіруші түлектердің жұмыспен қамтылу ықтималдығын жоғарылатады. Оқытушылар оқу процесінде тиімді түрде теория мен практиканы іскерлікпен үйлестіреді. Студенттер мен магистранттар іс-тәжірибелерін әрекет етіп жатқан шаруашылық субъектілерде өтеді. Көп жағдайларда іс-тәжірибе өту орны дипломданған бітіруші түлектің тұрақты жұмыс орнына айналып отыр.

«Қаржы, есеп және бағалау» кафедрасының бітіруші түлектерін дайындау сапасын арттыру және серіктестікті дамыту мақсатында 2018 жылдың қаңтар айында Астана қаласының Киршимбеков Адильхан Картаевичпен басқарылатын «EurAsian HOLDING» ЖШС бағалау компаниясында кафедраның өкілдігі ашылды. Өкілдікте кафедра студенттері өндірістік және дипломалды іс-тәжірибелерін өту мүмкіндігіне ие болды.

Кафедраның білім беру бағдарламалары экономиканың барлық сферасының
- қаржылық,
- банктік,
- сақтандыру,
- есеп,
- аудиторлық
- және бағалау қызметі саласында кәсіби жұмысқа дайындалған жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған.



Дуальді оқыту элементтерін қолдану теорияны практикаға барынша жақындатуға мүмкіндік береді. Бұл жетекші маман-практиктердің университет қабырғасында да, кафедра филиалдарында да
- сабақтар,
- қонақ дәрістер,
- онлайн-конференциялар
- мен семинарлар өткізуі.

Кафедра оқу және ғылыми жұмыс, академиялық мобильділік, магистранттардың ғылыми тағылымдамасы бойынша жетекші ресейлік және қазақстандық жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста.

Білім беру бағдарламаларын қалыптастыру кезінде студенттер, жұмыс берушілер пікірлері, сондай-ақ "Атамекен"ҰКП өткізетін ББ жыл сайынғы рейтингісінің нәтижелері негізге алынады.

Мәселен, 2019 жылдың желтоқсан айындағы рейтинг нәтижелері бойынша "Қаржы", "Есеп және аудит" білім беру бағдарламалары рейтингке қатысқан Қазақстанның 70 жоғары оқу орындарының арасында үздік 30 ЖОО-ға, ал "Бағалау" ББ - 10 жоғары оқу орындарының арасынан үздік 3ЖОО-ға кірді.

 

Контакт - центр