Ғылыми зерттеу

Ғылыми зерттеу

Ғылыми зерттеу

«Экономика және инновациялық бизнес» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу қызметі негізгі мақсаты - экономика, менеджмент және мемлекеттік басқару салаларында заманауи кәсіби біліктілігі мен біліктілігін арттыруға бағытталған.

Кафедраның оқытушылары «Жаhандану жағдайындағы ұлттық экономиканың мәселелері» жалпы ғылыми-зерттеу тақырыбы шеңберінде келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді:

Әлиев Ұ.Ж. - философия және ғылыми зерттеулер; Даубаев К.Ж. - Қазақстан Республикасының көліктік-коммуникациялық кешенінің экономикалық тиімділігі, экономика және жоғары білім менеджменті; Шимшиков Ж.Е. - бәсекелестік пен монополияға қарсы саясатты дамыту; Есімханова З.К. - қаржылық-кредиттік жүйе; Орынбекова Г.А. - экологиялық экономика; Тулегенова З.У., Тұрдалия А.Н. - агроөнеркәсіптік кешеннің экономикасы; Абдраимова Г.К. - Әлемдік экономика; Зейноллина М.Т., Аипов Б.Б. - кәсіпкерліктің ауқымы; Маймурунова А.А. - қалалық экономика; Какимжанов З.Р., Нурпеисова А.А. - мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік бюджет; Искаков Б.М., Атирбеков А.Ш., Дюсембаева Г.Б. - инвестициялық және инновациялық экономика.

Соңғы жылдары оқытушылардың ғылыми зерттеулер көлемі артты, атап айтқанда Thomson Reuters және Scopus импакт-факторы бар журналдарда («ActualProblemofEconomicsscientificeconomicjournal», «LifeScienceJournal», «Аймақтың экономикасы») ғылыми мақалалар жарық көрді. Сондай-ақ ҚР БҒМ ККНС ұсынған журналдарда «Стратегия және практика», «Экономика және статистика», «Тұран Хабаршы», ҒДРИ базасында («Экономикалық сұрақтар журналы», Кавказ халықтары достық институты Хабаршысы, «Әлеуметтік және экономикалық жүйелер» журналы, «Экономика. Құқық. Мемлекет» және т.б.)жарияланған монографиялар мен ғылыми мақалалар саны өсті.

Кафедра Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Астана қаласының қоғамдық даму басқармасы, Байқоңыр ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы, ММ «Алматы ауданының әкімшілігі», ЖШС «Желдорэкспертиза» Астана қ., ҚР «Атамекен»КҰП, және де  Қазақстан Республикасының және Астананың жетекші коммерциялық банктерімен және кәсіпорындарымен ынтымақтастық орнатқан.

Кафедра шетелдік студенттермен, магистранттармен, докторанттармен және оқытушылармен халықаралық алмасуды жүзеге асырады. Магистранттар мен докторанттар келесі университеттерде ғылыми тағылымдамадан өткен: Черноризца Храбра атындағы Варненскеркін университеті, (Болгария Республикасы, Варна қ.), «GlobalCareerInstitute» (Азербайжан, Баку қ), Сантьяго-де Шероме Университеті(Испания Сантьяго-де Компостела қ.),Университет Малага (Испания), Кострома мемелекеттік университеті (РФ, Кострома қ.), Самара жол және қатынас университеті (РФ, Самара қ.), Омбы аймақтық институты (РФ, Омбы қ.), «ЖЭМ» ҒЗИ, Ресей халықтар достығы университеті (РХДУ) және т.б.

"ЭИБ" кафедрасында шақырылған шетелдік және отандық ғалымдардың, бизнес-қауымдастық өкілдерінің дәрістері, кафедра ПОҚ-ның ғылыми семинарлары, дөңгелек үстелдер өткізіледі.

Кафедра студенттері шетелдік ғалымдардың келесі арнайы курстарын тыңдады: «Болгария мен Қазақстандағы экономикалық даму үрдістеріндегі еңбек нарығының, туризмнің өзекті мәселелері» дәріскер –экономика және бизнес-қызметінің доценті, Халықаралық бизнес-мектептің үздіксіз білім беру орталығы директоры(MBBU) Стелла Балтова (Болгария, Ботевград қ.); «Бизнес менеджменті», дәріскер - экономика және бизнес әкімшілендірумагистр OscarGarcíadeSerdio, Малага Университеті(Испания); «Қала экономикасы», дәріскер – э.ғ.д.,  профессор, «ЖЭМ» ҒЗИ Аймақтық зерттеулер және қалалық жоспарлау институтыдиректорыИльина И.Н. (РФ, Мәскеу) және т.б.

Сонымен қатар, шақырылған практик мамандармен дәрістер өткізіледі:"Экономиканың тұрақты даму концепциясы, оның стратегиясы және ҚР банк жүйесінің әсері» (дәріскер - АҚ Евразиялық банк бөлімінің жетекшісі Муканова М.Т.); "Тәжірибелік жобаларды көрсете отырып, үлкен деректерді талдау» (дәріскер - Ақпараттық технологиялар ұлттық компаниясы АҚ Деректерді талдау департаментінің директоры Жукенов Р.); «Қазақстандағы блокчейн: үрдістер мен перспективалар» (дәріскер - ЖШС "interactivKazakhstan" бас директорыКудайбергенулы Н. ).

Кафедраның студенттері, магистранттары мен докторанттары ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады. Өткізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша студенттер, магистранттар ғылыми үйірмелер мен халықаралық, республикалық студенттік конференцияларда баяндама жасайды.

Олардың ішінде атап айтатыныдокторант Жанарақызы А. "Europeanresearch" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысына қатысып, "Қазақстанның АӨК инвестициялық қызметінің үрдістері" ғылыми жұмысы үшін 1 дәрежелі диплом алды (РФ, Пенза қ.).

Кафедрада "Business club" студенттік ғылыми үйірмесі жұмыс істейді, үйірме жетекшісі доцент А. А. Нурпеисова.Ай сайын үйірме отырыстарында жобаларды қорғау жүргізіледі және қазіргі заманғы экономика мен бизнес-үдерістерді ұйымдастырудың өзекті мәселелері талқыланады. Сонымен қатар кафедра студенттері мен магистранттары жыл сайын аймақтық және халықаралық, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысады.

2018 жылы 5В050600 "Экономика", 5В050700 "Менеджмент" мамандығының студенттері мен магистранттары менеджмент бойынша Республикалық олимпиаданың екінші кезеңіне қатысты.Жеке есепте 6М050600 "Экономика" мамандығының магистранты Қалиасқар Ж. (жетекшісі Искаков Б. М.) 1 орын алды.А. Н. Тұрдаланың жетекшілігімен "Unstoppable" командасы құрамында: Джуматаева А., Рустемханова А., Мукарамова А. командалық есепте 3 орын алды.5В051000 "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығының студенті А. Абдуллаев "Сандық экономика" тақырыбында Халықаралық экономикалық олимпиадада 1 орын алды (Омбы қ.).

2018 жылдың 28 желтоқсанында Астана қаласында өткен "Ғылымшарайнасы" студенттердің ХІ республикалық ғылыми жұмыстары байқауында "Экономика" мамандығының 3 курс студенті Ахметов Ә. кафедра профессоры Есымханова З. К. ғылыми жетекшілігімен 1 орынға ие болды.

5В050600-"Экономика" мамандығының 3 курс студенті Каримов А. кафедра профессоры Есымханова З. К. ғылыми жетекшілігімен "олимпиада әлемі" атты студенттердің үздік ғылыми жұмыстары халықаралық конкурсына қатысты РФ, Краснодар қ., 2019 ж.14-ші қаңтар).Каримов Әділхан байқауға "Қазақстан аймақтық саясатындағы жергілікті бюджеттердің шығын тетігі" тақырыбында ғылыми жұмысты ұсынылып,  1-ші дәрежелік дипломға ие болды.

Профайл ППС кафедры с наиболее значимыми трудами за 10 лет

Контакт - центр