Сервис обратного звонка RedConnect
Кафедра

Экономика және инновациялық бизнес

"Экономика және инновациялық бизнес" кафедрасы 2016 жылы "Қаржы және менеджмент" және "Экономика, есеп және бағалау"кафедраларын қайта құру арқылы негізі қаланған.

Кафедрада 5В050700 - "Менеджмент", 6М050700 - "Менеджмент"; 5В050600 - "Экономика", 6М050600 - "Экономика", 6D050600 - "Экономика"; 5В051000 - "Мемлекеттік және жергілікті басқару", 6М051000 - "Мемлекеттік және жергілікті басқару" білім беру бағдарламалары бойынша дайындық жүргізіледі.

Бүгінгі таңда "Экономика және инновациялық бизнес" кафедрасы классикалық білім берудің үздік дәстүрлерін және оқытудың заманауи технологияларын біріктіре отырып, экономикалық ғылымды дамыту және жоғары білікті кадрларды дайындау бойынша Қазақстандағы беделді орталықтардың бірі болып қала береді."Экономика және инновациялық бизнес" кафедрасының негізгі жетістігі кәсіби құзыреттіліктің жоғары деңгейімен ерекшеленетін профессорлық-оқытушылық құрамы болып табылады.Қазіргі уақытта кафедра меңгерушісі экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Төлегенова Жанат Өтегенқызы.Кафедра оқытушылары қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және Қазақстан экономикасының индустриалды-инновациялық дамуының басым бағыттарымен байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындайды.

ПОҚ ғылыми зерттеулерінің нәтижелері өндіріске және оқу үдерісінде енгізіледі.Осы жұмыстардың негізінде авторлық курстар әзірленіп, дәрістер курстарының, практикалық және семинарлық сабақтардың мазмұны құрылады және дипломдық жұмыстар мен магистрлік, докторлық диссертациялар орындалады.

Кафедра жыл сайын кафедраның студенттеріне, магистранттарына және докторанттарына дәріс оқу үшін Еуропа, Түркия және Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының шетел профессорларын шақырады. Әр жылдары профессор дәрістерін оқып, сабақ өткізді, олардың қатарына:Антонио Алонсо Маркус (University CEU, Испания), Ильина Ирина Николаевна ("Экономика жоғары мектебі" Ұлттық зерттеу университетінің аймақтық зерттеулер және қалалық жоспарлау институтының директоры, Мәскеу), Oscar García de Serdio (Малага университеті, Испания), Медени Тунч (Ankara Yildirim Beyazit University).

Білім беру бағдарламаларының рейтингі:

  • "2017 жылы – 5В051000 - "Мемлекеттік және жергілікті басқару" білім беру бағдарламасы  БСҚА рейтингі-9 орын
  • 2013 жылы 6М051000 - "Мемлекеттік және жергілікті басқару" білім беру бағдарламасы АРТА рейтінгі - 6 орын

Кафедра миссиясы

Қазақстан Республикасының инновациялық даму мәселелерін шешуге бағытталған экономика және басқару саласында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.

Кафедра функциялары

Жастарға білім беру тәсілі "Тұран" корпорациясының барлық ғылыми-білім беру және материалдық-техникалық әлеуетін тиімді пайдалануға, студенттің үздіксіз білім алуына, оның біліктілігін арттыруға және жастарды ғылыми-зерттеу жұмысына тартуға жақсы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Дайындық ҚР БҒМ 3-ші ақпан 2010 жылы №0137367, 18-ші наурыз 2010 жылы№0106993 мемлекеттік лицензияға қосымша,18-ші наурыз 2010 жылы № 0106994, 3-ші ақпан 2010 жылы№0106988 мемлекеттік лицензиясы негізінде жүзеге асырылады, лицензияның қолданылу мерзімі-шектеусіз.

2013 жылы "Экономика және инновациялық бизнес" кафедрасының барлық мамандықтары  Білім беру сапасын қамтамасыз етудегі қазақстандық тәуелсіз агенттігінен институционалдық аккредитациясын өтті (06.01.2014 ж. № 0026 куәлігі).

"Менеджмент", "Мемлекеттік және жергілікті басқару" Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) мамандандырылған аккредиттациясын өтті.

2018 жылы "Экономика және инновациялық бизнес" кафедрасының мамандықтары - 5В051000 - "Мемлекеттік және жергілікті басқару", 6М051000 - "Мемлекеттік және жергілікті басқару", 6D050600 - "Экономика» Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) мамандандырылған аккредиттациясын өтті.

"Экономика және инновациялық бизнес" кафедрасы кәсіби кадрларды даярлауға бағытталған:

- банк мекемелері;
- зейнетақы, инвестициялық компаниялар;
- салық комитеттері;
- акционерлік қоғамдар;
- министрліктер, ведомстволар және агенттіктер;
- ұлттық басқарушы холдингтер; әкімдіктер; ұлттық компаниялар департаменттері;
- әлеуметтік қорғау органдары.

Қабылдау комиссиясы

+7 (7172) 39-51-10 Біз Сіздің қоңырауыңызды асыға күтеміз! 117