Қашықтықтан оқыту

Қашықтықтан оқыту

Қашықтықтан оқыту дегеніміз не?

 

Қашықтан оқыту (ҚО) – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беруде  қызмет көрсетудің маркетингтік көзқарастарын кеңінен қолданатын ғылыми-технологиялық революцияның жоғары технологиялық өнімі. Бүгінгі таңда қашықтықтан оқыту компьютерлік және интернетте оқыту технологиялары ретінде саналып отыр. Заманауи технологиялар мыңдаған километр бөліп турған  студенттер мен оқытушы арасын байланыстырушы болып табылады.  Оқыту корпоративтік желіде, Интернет желісінде, электрондық пошта арқылы және басқа заманауи байланыс құралдарын пайдалану арқылы жүргізіледі.

 

Қашықтықтан оқыту арқылы қай жерде оқуға болады?

 

Қашықтан оқыту жүйесі дербес компьютер (ДК) көмегімен және интернетке шығу арқылы қажетті дағдылар мен жаңа білім алуға мүмкіндік береді. Компьютердің орналасқан жері маңызды емес, сондықтан сіз үйде, жұмыс орнында, онлайн-кафеде немесе Интернет байланысы бар және жоқ жерде кез-келген басқа жерде айланысы  аласыз.  Бұл дәстүрлі оқу формалары алдында ҚО-дың басты артықшылығы.

 

Қашықтықтан оқытумен қашаннан айналысуғы болады?

 

ҚО - өте икемді жүйе, ол барлық оқу үрдісіне қатысушыларғы  (оқу орнының әкімшілігі мен оқытушыларына, студенттер, оқытушыларға) сабаты қолайлы уақытта таңдауға мүмкіндік береді. Бұл ҚО-ның пайдасының екінші маңызды дәлелі .

 

Дәстүрлі білім беру формасымен салыстырғанда ҚО артықшылықтары:

 

Интернет желісіне қосылу мүмкіндігі бар (тіпті өте жиі емес) компьютермен  кез-келген уақытта және кез келген жерде оқуға мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, жұмыс істейтін немесе үй шаруасымен  айналысатын студенттер үшін өте маңызды, сондай-ақ денсаулығына байланысты өз үйінен шықпайтын адамдарға білім алуға мүмкіндік береді.
Студенттің оқу барысында үнемі оқытушымен кеңесуіне мүмкіндік береді.
ҚО-да оқу-әдістемелік материалдар мен оқу құралдарын табу және алу мәселесі  жойылды. Білім алушы оқуға қабылдағаннан бастап қажетті оқу материалдарының жиынтығына  қол жеткізі алады.

 

-------------------------------

Егер Сізде сұрақтар туындаса, төмендегі нөмірлерге қоңырау шалыңыз:

 

Қабылдау ережелері - бакалавриат

Қабылдау ережелері - магистратура

Қабылдау комиссиясының телефондары:

+7 (7172) 39 51 10

+7 702 912 39 97

Жұмыс күндері әр күн сайын 9: 00-ден 18: 00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейміз.

Контакт - центр