ТӘЖІРИБЕ, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ МАНСАП БӨЛІМІ

ТӘЖІРИБЕ, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ МАНСАП БӨЛІМІ

ТЖҚМ бөлімі TAU University-де 2010 жылы университет студенттерінің жұмысқа орналасуына және мансабын дамытуға жәрдемдесу, ЖОО-ның жұмыс берушілермен өзара іс-қимылын ұйымдастыру және қолдау, білім алушылардың іс-тәжірибесін ұйымдастыру үшін құрылған.

Бөлім мамандары университет студенттері үшін әлеуетті жұмыс берушілерді, соның ішінде шетелдік жұмыс берушілерді іздейді, білім алушылардың жұмысқа орналасуына және мансабын дамытуға бағытталған университеттің серіктес кәсіпорындарымен ынтымақтастықты ұйымдастырады, студенттерге жұмыс орындарын іздеуге және тәжірибеден өтуге көмек көрсетеді.

Бөлімше студенттерге мансаптың дамуына және еңбек нарығындағы мінез – құлыққа байланысты мәселелер бойынша, жұмыс берушілерге – жас мамандарды қабылдау бағдарламалары бойынша, мансаптық тақырыптағы іс-шаралар бойынша, университеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне-жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасау, тәжірибе ұйымдастыру, жұмысқа орналастыру және университет студенттерінің мансаптық өсуі бойынша кеңес береді.

Тәжірибе, жұмыспен қамту және мансап бөлімі (ТЖҚМБ) ЖОО мен еңбек нарығы арасындағы негізгі және байланыстырушы буын ретінде әрекет етеді. Жұмыс беруші-компаниялар мен үнемі кеңейтілген серіктестік қарым-қатынас орнату негізінде олардың қажеттілікерін зерделеп, жоғары оқу орныны түлектерінің мүмкіндіктерін жоспарлауға жағдай жасайды. Бұл TAU студенттеріне нақты компаниялар қызметінің ерекшелігі туралы кең білім алуға және практикалық тәжірибе алуға, бос жұмыс орындары туралы мәлімет алуға жағдай жасайды.

ТЖҚМБ қызметінің бағыттары:

  • студенттер мен магистранттар үшін кәсіби тәжірибені ұйымдастыру;
  • мансап күндерін және рекрутингтік іс-шараларды өткізу;
  • кәсіпорында таныстыру экскурсиясын ұйымдастыру;
  • бизнес-кездесулер, мансап семинарларын ұйымдастыру және өткізу;
  • түлектердің мансабын дамыту және мониторингілеу.

 

ТЖҚМБ негізгі функциялары:

  • Мамандар қажеттілігінің заманауи шағын жүйесін қалыптастыру;
  • Университет студенттері мен түлектері үшін мастер-класстар, тренингтер және презентациялар өткізуге жұмыс берушілерді тарту;
  • Университет түлектерін жұмысқа орналастыру және еңбек нарығына бейімдеу жүйесін әзірлеу;
  • Жұмыс берушілермен бірлесіп білім беру бағдарламаларын әзірлеу.

 

Серіктестік қатынаста тәжірибе, жұмыспен қамту және мансап бөлімі ынтымақтастық туралы қысқа және ұзақ мерзімді ресми шарттарды бекітеді, олар экономикалық, техникалық және гуманитарлық бейіндегі түрлі салаларда жұмыс істеуге, тәжирибеден өтуге  құқық береді.

 Тәжірибе, жұмыспен қамту және мансап бөлімі TAU стратегиялық серіктестерінің желісін кеңейту бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде, қазіргі уақытта Университеттің жұмыс берушілері базасында 80 – нен астам тұрақты әлеуметтік серіктестер, олар: «BestWesternPlus» қонақ үйі, «Астаналық интегративті және отбасылық психология институты» ЖШС, «Eurasian – holding» ЖШС, №2 мектеп-гимназиясында кафедралар филиалдары жұмыс істейді.

ТЖҚМБ қызметінің ажырамас құрамдас бөлігі тұрақты бизнес-кездесулерді, мастер-кластар мен қонақ дәрістерін ұйымдастыру және өткізу болып табылады. Осы іс-шаралар серіктес компаниялардың қатысуымен өткізіледі.

TAU серіктестері мен жұмыс берушілері студенттерді ішінара жұмыспен қамту мақсатында тағылымдамадан өтуге қабылдайды (parttime). Сонымен қатар, IT-мамандығының студенттері ARTA SYNERGY платформасы бойынша онлайн-оқудан өтуде, бұл кейіннен оларға ARTA SOFTWARE компаниясында жұмыс істеуге құқық береді.

ТЖҚМБ – да сондай-ақ TAU түлектерінің деректер базасы құрылуда, жұмысқа орналасқан жері жайлы және жұмыс қажеттілігі туралы ақпаратты алуға болады.

 

Байланыс:
Бөлім басшысы
Тусупбаева Алия Дюйсехановна
Нұр-Сұлтан қаласы, Дүкенұлы көшесі 29
«В» оқу корпусы, 101 кабинет
Тел.: 8 7172 39 81 18, қосымша нөмір 125
tusupbaeva@tau-edu.kz

 

 

Контакт - центр