Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру және парасаттылықты қалыптастыру

 

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бойынша жауапты тұлға

Исмагулова Айгүл Төреханқызы, заңгер комплаенс офицер, 87773759917, email: jurist@tau-edu.kz

2. Тұран-Астана университетінің сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі Жоспарын орындау туралы

       Жұмыстың ашықтығын, толықтығы мен өзектілігін қамтамасыз ету үшін «Тұран-Астана» университетінде факультеттер жанында құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу жөніндегі комитеттер және сапа жөніндегі Комитет құрылды. Жұмыс қорытындылары бойынша комитеттердің есептері ай сайын тыңдалады. Комитет құрамына студенттер мен ҮЕҰ өкілдері кіреді.  «Сенім телефоны» және сыбайлас жемқорлық көріністерінің ықтимал фактілері туралы ақпаратты жинауға арналған электрондық мекенжай туралы ақпарат стендтерде орналастырылған.  Білім берудің тиісті деңгейлеріндегі МЖМБС жалпы білім беретін пәндер циклін таңдау компонентіне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәні енгізілді.

     Білім алушылар арасында дипломдық жұмыстар мен магистрлік диссертацияларды (жобаларды) орындау мәселелері бойынша сессияларды тапсырғаннан кейін ағартушылық дәрістер мен сауалнама жүргізіледі.   Ғылыми кеңес пен ректорат отырыстарында кафедраларды кешенді тексеру нәтижелері, бітіру жұмыстарының орындалу сапасы және олардың нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігі туралы есептер тыңдалады. Оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстардың барлық түрлерін орындау кезінде плагиатқа қарсы жүйе қолданылады және плагиатта байқалған бөлімшелер басшыларының, ПОҚ пен білім алушылардың дербес жауапкершілігі белгіленеді.

     Университет студенттері арасында бекітілген "Құқықтық тәрбие және құқық бұзушылықтың алдын алу" бағдарламасы құқықтық тәрбие құралы болып табылады. Алдын алу мақсатында іс-шаралар өткізіледі, онда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасын құру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері қаралады.

   Кері байланысты жүзеге асыру үшін университет холлында «университет ректорына хаттар мен өтініштер үшін» жәшік, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында студенттер мен ата-аналарға арналған сенім телефоны орнатылған

     Студенттерге анонимді сауалнама жүргізіледі- «Оқытушы студенттер көзімен», «Куратор студенттер көзімен».

3. Қоғаммен байланыс.

 

    Ресми сайты – tau-edu.kz

    Ректор блогы, call-орталық– 8 717 2 39 81 18

    Cыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыт бойынша чат– 8 777 375 99 17

    Cенім телефоны – 8 7172 396-928

 

Сессия кезінде  «Қазақстан студенттерінің Альянсы «Республикалық қозғалысымен бірлесіп»,  «Таза сессия» - әлеуметтік сауалнамалар жүргізіледі. Студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңды түсіндіру мақсатында университетте студенттер мен ПОҚ құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесулер өткізілді. ТАУ университетінде «Адалдық аумағы - Adaldyq alany» дүңгіршегі және парасаттылық мектебі ашылды. Жобалардың мақсаты-сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу.

 

 

 

Іс-шаралар:

 

Контакт - центр