Жаңалықтар
Университет

Академиялық ғылымның дамуы: «Тұран-Астана» Университеті Хабаршысының» редакция алқасының отырысы өтті

2026 жылғы 30 қыркүйекте «Тұран-Астана» университетінде «Тұран-Астана» университетінің хабаршысы» ғылыми журналы редакция алқасының кезекті отырысы өтті. Жиын басылымның ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанындағы жұмыс қорытындыларын шығаруға және дамудың стратегиялық векторын айқындауға арналды.

Дискуссияға жетекші отандық және шетелдік ғалымдар, әртүрлі білім салаларының мамандары, сондай-оқ редакция алқасының тұрақты мүшелері қатысты. Қатысушылардың жоғары сараптамалық деңгейі журналдың ғылыми-білім беру кеңістігіндегі халықаралық мәртебесі мен беделін тағы да айқындады.

Отырысты редакция алқасы төрағасының орынбасары, «Тұран-Астана» университетінің бірінші проректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Айтжан Әбдіров ашты. Ол келесі екі негізгі бағытқа негізделген күн тәртібін ұсынды:

-Журналдың кезекті санын кешенді дайындау және аудиттен өткізу.

-Басылымның дәйексөз алу (цитируемость) көрсеткішін арттыру және оны халықаралық мәліметтер базасына интеграциялау бойынша ұзақ мерзімді стратегияны іске асыру.

№ 3/2026 санының қалыптасу барысы мен қорытынды жинақталуы туралы шақырылған редактор Екатерина Доценко егжей-тегжейлі есеп берді. Ол келіп түскен қолжазбалар бойынша статистиканы ұсынып, мақалалардың тақырыптық талдауына тоқталып өтті.

Редакция алқасының мүшелері ұсынылған ғылыми жұмыстарға егжей-тегжейлі талдау жасады, бұл ретте келесі мәселелерге ерекше назар аударылды:

-«Зағип» (жасырын) рецензиялау нәтижелері мен сараптамалық қорытындылар.

-Материалдардың академиялық адалдықтың қатаң халықаралық стандарттарына сәйкестігі (плагиатқа тексеру, зерттеулердің бірегейлігі).

-Авторлар ұсынған ғылыми гипотезалардың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы.

Жан-жақты талқылау қорытындысы бойынша редакция алқасы 2026 жылдың үшінші тоқсанындағы журналдың № 3/2026 санын бірауыздан баспаға мақұлдады және жариялауға ұсынылған мақалалардың тізімін бекітті.

Отырыста қабылданған шешімдер жарияланатын материалдардың сапасын жүйелі түрде арттыруға бағытталған. «Тұран-Астана» университеті хабаршысының» редакциялық саясатын жаңғырту басылымның ғалымдар үшін беделді диалог алаңы ретіндегі позициясын нығайтып қана қоймай, университеттегі болашағы зор ғылыми мектептердің дамуына серпін беруі тиіс.

Редакция алқасы авторлар мен рецензенттерге нәтижелі ынтымақтастық пен жоғары кәсібиліктері үшін шынайы алғысын білдіреді!

Поделиться
Барлық жаңалықтар