Жаңалықтар
Университет

«Тұран-Астана» университеті 2026 жылдың 10 - 12 тамызы аралығында өткен Денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелер саласындағы орнықты даму жөніндегі халықаралық Симпозиумды ұйымдастыруға және өткізуге белсене қатысты.

 

 

​          «Тұран-Астана» университеті 2026 жылдың 10 - 12 тамызы аралығында өткен Денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелер саласындағы орнықты даму жөніндегі халықаралық Симпозиумды ұйымдастыруға және өткізуге белсене қатысты. Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Орнықты даму бағдарламалары аясында ұйымдастырылды.

​          Халықаралық жиынды ұйымдастыруға университет тарапынан шетелдік жетекші құрылымдар - Мара Технологиялық университеті (UiTM), Малайзия Муниципалдық университеті және Малайзияның 3 ғылыми-зерттеу институты серіктес ретінде атсалысты.

​          Симпозиум Оңтүстік-Шығыс Азия мен Еуразия елдерінің академиктер мен ғылыми қауымдастық өкілдері үшін ірі диалог алаңына айналды. Ғылыми шараға Оңтүстік Корея, Жапония, Индонезия, Таиланд, Вьетнам, Лаос, Камбоджа, Сингапур және ҚХР делегациялары қатысты.

​          Пленарлық отырыстың модераторы ретінде Ғылым және коммерцияландыру жөніндегі проректор, PhD Самат Смойлов сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында университеттің ғылыми интеграция мен тұрақты дамудың өзекті мәселелеріне қатысты пайымдамалық ұстанымын таныстырды.

​​          Мұндай ауқымды іс-шараға қатысу «Тұран-Астана» университетінің БҰҰ Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) қолдайтынын, халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығын кеңейтуге және отандық ғылымның жаһандық деңгейдегі орнын нығайтуға ұмтылатынын көрсетеді.

 «Тұран-Астана» университеті 2026 жылдың 10 - 12 тамызы аралығында өткен Денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелер саласындағы орнықты даму жөніндегі халықаралық Симпозиумды ұйымдастыруға және өткізуге белсене қатысты.
 «Тұран-Астана» университеті 2026 жылдың 10 - 12 тамызы аралығында өткен Денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелер саласындағы орнықты даму жөніндегі халықаралық Симпозиумды ұйымдастыруға және өткізуге белсене қатысты.
Поделиться
Барлық жаңалықтар