«Тұран-Астана» университеті Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы және Кеңес Одағының Батыры Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровті мерейлі 80 жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!
«Тұран-Астана» университеті Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы және Кеңес Одағының Батыры Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровті мерейлі 80 жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!
Тоқтар Оңғарбайұлы - есімі ел шежіресіне алтын әріптермен жазылған аңыз тұлға. Оның ғарышқа жасаған тарихи сапары тек ғылыми-техникалық зор жетістік қана емес, сонымен бірге ұлттық мақтаныштың, тәуелсіздік рухының және Қазақстанның болашаққа ұмтылысының айқын символына айналды.
TAU Университетінің көпмыңдық ұжымы - студенттеріміз, оқытушыларымыз бен жас ғалымдарымыз үшін Тоқтар Оңғарбайұлының өмір жолы биік кәсібиліктің, ерліктің және Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің үлгісі болып табылады. Оның ерлігі білімге ұмтылған, өз ісіне адал және мақсатына сенімді жандар үшін бағынбайтын асулардың болмайтынын дәлелдейді.
Осынау айтулы күнде «Тұран-Астана» университеті Тоқтар Оңғарбайұлына отандық ғылымды дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі мен жас ұрпақты отансүйгіштікке баулудағы өнегелі істері үшін терең алғыс білдіреді.
Ардақты жерлесімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, сарқылмас күш-гер қуат, отбасына амандық пен береке тілейміз!