Инклюзивті оқыту

Инклюзивті оқыту

TAU университетіне қабылданған талапкерлер әртүрлі мәдени, географиялық және әлеуметтік топтарға жатады. Инклюзивтік білім ала отырып, білім алушылар білімге қол жеткізеді және сол жастағы құрдастарымен бірге оқуға толық көлемде қатыса алады, олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген оқу жоспарын құрастыруда академиялық икемділікке ие болады. Инклюзия студенттік өмірдің барлық аспектілеріне енгізілген және университет өміріндегі мәдениет, саясат және күнделікті тәжірибе арқылы қолдау көрсетіледі.

Инклюзивті білім беру - Жалпы білім беруді дамыту процесі, ол барлық білім алушылардың түрлі қажеттіліктеріне бейімделу тұрғысынан барлығына қол жетімділікті білдіреді, бұл ерекше қажеттіліктері бар білім алушылардың білімге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

TAU-да инклюзивті білім беру жүйесін дамыту басым бағыттардың бірі болып табылады және 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына және 2016-2020 жылдарға арналған "Тұран-Астана Университеті" мекемесінде инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру Жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Инклюзивті білім беру қызметінің негізгі бағыттары:

 Университетте ҚББ және мүгедектер үшін кедергісіз орта және жағдай жасау;

 Ішкі үй-жайлардың, спорттық және мәдени құрылыстардың сәулеттік қолжетімділігін  қамтамасыз ету;

 Инклюзивті білім беру жағдайында жұмысқа психологиялық дайындық;

 Инклюзивті білім беруді ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырылған қолдау;

 Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру арқылы ЖОО-ның Әлеуметтік және рухани әлеуетін арттыру.

"Педагогика және психология" кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы инклюзивті білім беруді жүзеге асыру бағдарламасына қатысып, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің қамқорлығымен психологиялық көмек көрсету бойынша дайындықтан өтті.

Студенттердің дене шынықтыру белсенділігін арттыру мақсатында:

 Имитациялық кеңес беру кабинетінде йога сабағын;

"Танатотерапия" курсы Астана интегративті отбасылық психология институтымен бірлесіп курстар өткізу;

- дене қысқыштары мен психологиялық тосқауылдарды пысықтау үшін дене-бағытталған психотерапия техникаларын қолдана отырып, психологиялық тренингтер мен кеңестер беру.

Контакт - центр