Новости
Кафедра "Экономика и инновационный бизнес"

«Ұлы дала киесі» және «Қазақстанның ғарыштық жолы» фотокөрмелерін тамашалау

9-шы қараша 2018 ж.  5В051000 – «Жергілікті мемлекеттік басқару»  мамандығының МЖБ-16-1 тобының студенттері кураторлары «Экономика және инновациялық бизнес» кафедрасының аға оқытушысы А.А. Маймуруновамен бірге елордадағы «MEGA Silk Way» ойын-сауық орталығында «Каспий Құбыр Консорциумы» және «National Geographic Qazaqstan» журналының бірлесе ұйымдастыруымен «Ұлы дала киесі»  атты   фотокөрмені және де  «Қазақстанның ғарыштық жолы» атты шағын көрмесін тамашалап қайтты.

«Ұлы дала киесі»  атты  фотокөрменің негізгі мақсаты – көпшілік арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, даланың аң-құстары, оның ішінде қазаққа етене жақын киіктер туралы тұрғындардың таным көкжиегін кеңейтуге және қоршаған ортаны қорғау проблемаларына қоғамның назарын аударту.

«Қазақстанның ғарыштық жолы» атты шағын  көрмеде Қазақстанның үшінші ғарышкері, халық кахарманы, генерал-майор Айдын Айымбетов жерге қонған  ғарыш парашюті бар түсірілетін капсула, ғарышкер Айдын Айымбетовтың скафандры, сондай-ақ Жерді қашықтықтан зондтау KazEOSat-1 және KazEOSat-2  шағын макеттері көрмеге қойылған екен.

Сондай-ақ, экспозицияға келушілер назарына Қазақстанның ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов туралы ақпараттық стендтер ұсынылды. "Көрме ғарыш саласындағы қызметті насихаттауға арналған.  Аталмыш іс-шара студенттер үшін өте танымды да қызықты болды.

Поделись с друзьями
Все новости

Приемная комиссия

+7 (7172) 39-51-10 внутренний 117