Сәуір айының 29-30 күні Алматы қаласында Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-де Аударма ісі мамандығы бойынша студенттердің республикалық пәндік олимпиадасы өтті.
Сәуір айының 29-30 күні Алматы қаласында Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-де Аударма ісі мамандығы бойынша студенттердің республикалық пәндік олимпиадасы өтті. “Тұран-Астана” университеті “Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және тілдік пәндер” кафедрасының «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Алякина Элизавета (ПД-21-2 тобы) республикалық деңгейде ұйымдастырылған пәндік олимпиадада жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Аталмыш олимпиадаға Қазақстанның 26 жоғары оқу орнынан 250 студент қатысып, аударма саласына қатысты теориялық және практикалық тапсырмалар бойынша білімдерін сынға салды. Элизавета жоғары нәтижелер көрсетіп, үздік қатысушылар қатарынан табылды.
Университет ұжымы Элизаветаны шын жүректен құттықтай отырып, алдағы оқуында және кәсіби жолында толағай табыстар тілейді.