Галямова Жупар Кенжетаевна

Галямова Жупар Кенжетаевна

Доцент

1981-1991 жылдары Ақмола облысы Ақкөл ауданы Аманкелді орта мектебінде оқыдым.

1992 жылы Целиноград Мемлекеттік Педагогика Институтына түсіп, 1996 жылы Ақмола мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірдім.

1996 жылы  Ақкөл қаласындағы № 3 қазақ-орыс орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, осы мектепте 2001 жылы директордың орынбасары, оқу-тәрбие жұмыстарының меңгерушісі;

2000-2006 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология ғылымдарының кандидаты (10.01.02.) «Жайық Бектұровтың әдеби мұрасы» Ғылыми жетекші: ҚР ҰҒА академигі Рымғали Нұрғали.

2001-2003 жылдары Қарағанды маңызды білім беру «Болашақ» институты, заңгер мамандығы (сырттай бөлім);

2003 жылы Ақкөл аудандық сотының кеңсе маманы, мұрағат меңгерушісі;

2006 жылы Ақмола облыстық сотының бас маманы - баспасөз хатшысы, мемлекеттік тіл маманы;

2009 жылы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өнеркәсіп қауіпсіздігінің ұлттық ғылыми-техникалық орталығы» АҚ-да (ҚР ТЖМ «ӨҚҰҒЗО» АҚ) маман-аудармашы; кадр инспекторы; ғылыми қызметкер;

2023 жылы Астана қаласы Әкімдігінің «Руханият» ММ-де оқытушы, 2023 жылы қыркүйек айынан бастап Тұран Астана Университетінде доцент.

 

Әр жылдары жарық көрген еңбектерім:

1 Тұғыры биік тұлға. // Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. – Астана, 2003, № 1-2. -13-17-б.

  1.   Жайық Бектұров поэзиясы. // Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы. – Қарағанды,  2004,  № 3 (35). -56-60-б.
  2.   Шежіре жүрек шерткен сыр. // Көкейкесті әдебиеттану. 4-кітап. “Алаш қайраткерлері шығармашылық мұрасының қазіргі мәдени-рухани және ғылыми дамумен сабақтастығы” атты ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Астана, 2004. -169-172-б.
  3.   “Менің Сәкенім”,- деп меншіктеп өткен шежіреші Жайық Бектұров... // С.Сейфуллиннің туғанына 110 жыл толуына арналған “Сәкен Сейфуллин және қазіргі заман” атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары.  - Астана,  2004. -24-28-б.
  4.   Ж.Бектұровтың “Таңба” романы. // Қазақтың 100 романы. - Астана: Фолиант, 2004. -407-410-б.
  5.   Абайдың белгісіз шумақтары. // “М.Әуезов және әлем әдебиеті” М.О.Әуезовтің 108 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Алматы, 2005. -215-218-б.
  6.   Жайық Бектұров тағлымы. // Ақиқат. - Алматы, 2005, №11. -36-38-б.

 8 Жайық Бектұров шежіресінен. // “Шоқан тағылымы - 11” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Көкшетау, 2006. -3-5-б.

9. «Асығым алшысынан түссін десеңіз...» Күнделікті жазба дәптері

Контакт - центр