25 ҚАЗАН - РЕСПУБЛИКА КҮНІ!
Новости
Университет

25 ҚАЗАН - РЕСПУБЛИКА КҮНІ!

25 ҚАЗАН - РЕСПУБЛИКА КҮНІ!

Құрметті әріптестер мен студенттер! Сіздерді ұлттық мерекеміз -Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

1990 жылдың 25 қазаны Қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған арманының жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған қасиетті күн.

Қазақ туын биіктен асқақтатып, болашаққа деген үміт отын жаққан еліміз үшін аса маңызды күні баршаңызға шынкөңіліммен еліміздің тыныштығын, отбасының бақытын тілеймін.

Жасұрпаққа сапалы білім беріп, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді бойларына сіңіріп тәрбиелеу бағытында ел игілігі үшін атқарып жатқан еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер.

21 қазан күні сағат 12:00-де «Тұран-Астана» Университетіңде Республика күніне арналған салтаннаты жиын өтіп, TAU ректоры Жапарова Гүлжамал Әлькенқызы ужым мен студенттерді құттықтады. Үздіктердің үздіктері еліміздің жалынды жастарына үлгі тұтарлык тәрбие көрсетіп, жастардын жалынды шындарға бағындырганы үшін алғыс хаттармен марапатталды.

  • п.ғ.к., доцент – Жиентаева Бегайым Жиентайқызы
  • з.ғ.к., доцент – Елеманов Серік Хажиахметұлы
  • магистр, аға оқытушы – Жеңісхан Гүлина
  • магистр, аға оқытушы – Рахметалиева Салтанат Амангелдіқызы
  • магистр, аға оқытушы – Байзакова Айғаным Серікқызы
  • Аға жүйелік әкімші – Жүсіпбеков Жаппар Бахитжанұлы

Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбындағы эссе байқауында орын алғаны үшін   марапатталды

  • 1 орын Әбді Шерхан
  • 2 орын Мұхтарқызы Сабира
  • 3 орын Кунантаев Нурсултан

Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған «Атамекен»    тақырыбындағы диктант  байқауында I орын алғаны үшін  марапатталды

  • 1 орын Нуриденова Адия
  • 1 орын Ұзақпай Ербол
  • 2 орын Темирханов Олжас
  • 3 орын Рахымжан Айдын

Мереке аясында «НАЗ» мемлекеттік би театры концерттік бағдарламасын тарту етті. Көптеген дарынды бишілер өз өнерлерін көрермендерімізге паш етті.

Концерттік бағдарламада «Жастар» биі, «Қайым айтысы", «Секіртпе» биі, «Тұсаукесер» дәстүрі, «Бесік жыры» және басқа да қызықты өнерлер көрсетілді.

Құрметті «НАЗ» мемлекеттік би театрының ұжымы, біз Сіздермен кездесіп, ортақ мерекені бірге өткізгенімізге өте қуаныштымыз! Би мен ән өнері арқылы қазақтың құнды жәдігерлерімен таныстық! Әлемде тек тыныштық болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Поделись с друзьями
Все новости

Контакт - центр