«Шығармашылық жоба» пәнінен интеллектуалдық ашық сабағы
Новости
Кафедра "Экономика и инновационный бизнес"

«Шығармашылық жоба» пәнінен интеллектуалдық ашық сабағы

11.12.2018 ж. сағат 9.00-де 408 аудиторияда «Экономика және инновациялық бизнес» кафедрасының аға оқытушысы А.А. Маймурунова «Шығармашылық жоба» пәні бойынша «Бизнес жобаларды қорғау және жүзеге асыру мүмкіндіктерін бағалау» тақырыбында оқытудың дәстүрлі емес форматында, яғни жобалау әдіс арқылы ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа қатысқан комиссия құрамында «ЭиИБ» кафедрасының доценті Орынбекова Г.А. және «Тәжірибе жұмыспен қамту және мансап бөлімінің» маманы Еркеш Салтановна кірді. Топтық жұмыс, жобалау әдістері арқылы студенттердің сабаққа барлығының белсене ат салысуы, сабаққа қызығушылықтарының арттыру, өзара пікір алмаса отырып, өз ойларын еркін айта алатын дәрежеге жеткізуге болады. «Айтсаң– мен бәрібір ұмытамын, маған көрсетсең– мен есімде сақтаймын, өзіме жасауға берсең– мен бәрін түсінемін!!!», - деген қағидамен өткен ашық сабақ өз мақсатында жетті. Студенттер өз жобаларын сәтті қорғап, «тамаша сегіздік» зияткерлік ойынымен толықтырылып, тәжірибе сабақ ментальды карта әдісімен қорытындыланды.

Поделиться
Все новости

Контакт - центр