Халыққа қызмет көрсету орталығындағы тәжірибелік сабақ
Новости
Кафедра "Экономика и инновационный бизнес"

Халыққа қызмет көрсету орталығындағы тәжірибелік сабақ

11-ші желтоқсан 2018 жылы 5В051000 — «Жергілікті мемлекеттік басқару» мамандығының 2-3 курс студенттерімен Астана қаласының Байқоңыр ауданының халыққа қызмет көрсету орталығындағы «Экономика және инновациялық бизнес» кафедрасының филиалы базасында аға оқытушы  А.А. Маймуруновамен тәжірибелік сабақ өткізіліп, бөлім басшысымен кездесу ұйымдастырылды.  Кездесу барысында бөлім басшысы Астан қаласы бойынша жаңадан ашылған халыққа қызмет көрсету орталығының жалпы міндеттері мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру сияқты ақпараттармен бөлісті. Және де  орталықтың халықпен жұмыс жасау бойынша азаматтарға ұсынылатын жаңа қызмет түрлері туралы баяндап берді. Студенттер өз  мамандықтары туралы қызықтыратын сұрақтарын белсенді қойып,  қанағаттанарлық жауаптарын алды, жалпы кездесу қызықты да, танымды өтті. Қорытынды ретінде, студенттердің аталмыш орталықта өндірістік тәжірибе өту туралы ұсыныс алулары мен болашақта жұмысқа орналасу мәселелерінің қарастырылуы болды.

 

 

 

 

 

 

Поделись с друзьями
Все новости

Контакт - центр