«Шығармашылық жоба» пәнінен жобаларды қорғау нәтижелері
10-14.12.2018 ж. аралығында барлық мамандықтың 1-ші курс студенттері «Экономика және инновациялық бизнес» кафедрасының аға оқытушысы А.А. Маймурунованың жетекшілігімен өздерінің «Шығармашылық жоба» пәні бойынша семестр бойы құрастырған бизнес, әлеуметтік, event жобаларын сәтті қорғап, пән бойынша жинақтаған білімдері мен дағды, қабілеттерімен бөлісті. Жобалар әр түрлі бағытта құрастырылған, ішінде университет базасында жүзеге асыруға болатын қызықты жобаларда кездесті. Әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономика жағдайында экономикалық ғылым мен практиканың қазіргі заманғы жетістіктері бойынша терең және берік білімдерді меңгеруге білім алушыларды ынталандыруға, коммуникациялық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру және аудитория алдында сөйлеу шеберлігін арттыруға бағытталған аталмыш пән өз мақсатына жетті деген ойдамыз.