Кафедра филиалының ашылуы
Новости
Кафедра "Социально-гуманитарные и языковые дисциплины"

Кафедра филиалының ашылуы

2019 жылдың 4 қаңтарында Астана қаласы Ғ.Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясында "TAU University" «Әлеуметтік-гуманитарлық және тілдер» кафедрасының филиалы ашылды. Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Шнайдер Владимир Александрович пен № 2 мектеп-гимназиясының директоры Шаймердинов Гамиль Магажирович салтанатты түрде филиалдың тұсауын кесіп, болашақта ұйымдастырылар жұмыстарға сәттілік тіледі.

Аталмыш іс-шара «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты дөңгелек үстелмен жалғасын тапты. Дөңгелек үстелді В.А.Шнайдер модератор ретінде жүргізіп, өз кезегінде «Латын әліпбиінің тарихы мен болашағы» атты тақырыпта баяндама жасады. Сонымен қатар кафедра доценті, филология ғылымдарының кандидаты Г.Қ.Рахимбаева «Латын әліпбиіне көшудің әдеби-мәдени және тарихи маңызы», кафедра доценті, филология ғылымдарының кандидаты С.К.Омарова «Жазу тарихымыздағы бүгінгі  бетбұрыс – жаңғыртудың жаңашыл белесі»,№ 2 мектеп-гимназияныңқазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.А.Нурекенова «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы», қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Е.С.Сейтказин «Латынға оралу» атты тақырыптарда баяндама жасап, өз ойларын ортаға салды. Тыңдармандар тарапынан пікір білдіріліп, жарысссөздер айтылып, мәселе қызу талқыланды.

Дөңгелек үстел соңында кафедра мен № 2 мектеп-гимназиясы арасында тығыз ғылыми және шығармашылық байланыс орнату туралы шешім қабылданды.

 

 

Поделись с друзьями
Все новости

Контакт - центр