Примашев Нұрзада Маханбетұлы

Примашев Нұрзада Маханбетұлы

Примашев Нұрзада Маханбетұлы

 

 

Примашев Нұрзада Маханбетұлы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент.

1961 жылғы 3 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында туған. 

1991 жылы П. Лумумба атындағы Халықтар достығы университетінің «Экономика және құқық» факультетін үздік бітіріп, аспирантураға оқуға қалдырылды. 2002 жылғы 17 желтоқсанда 12.00.01 – Мемлекет пен құқық теориясы мен тарихы» мамандығы бойынша «Аргентинада ұлттық мемлекеттің қалыптасуы» тақырыбында «заң ғылымдарының кандидаты» ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

 

          2003 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2005 жылдың 31 тамызына дейін ҚазГЗУ-дің Конституциялық  құқық және мемлекеттік басқару кафедрасында, 2005 жылғы 1 қыркүйектен 2010 жылғы 1 наурызға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, 2010 жылғы 1 наурыздан 2012 жылғы 31 тамызға дейін Қазақстан Республикасының Заңнама институты Лингвистика орталығының басшысы болып жұмыс істеді. 2012 жылғы 1 қыркүйектен 2018 жылғы 28 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының басқару институтында доцент, профессор болып қызмет етті. 2018 жылдың 28 тамызынан 2025 жылғы 5 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Лингвистика орталығын басқарды.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Астанаға 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», «Заңнама институтына 25 жыл» мерекелік медальдарымен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Әділет органдары жүйесін  дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Үздік байланысшы» төсбелгісімен, бірнеше рет ҚР Әділет министрінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының құрметті профессоры.

 

2013-2014 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің гранты бойынша «Мемлекеттік органдардағы менеджмент» тақырыбында ғылыми зерттеу жұмысына басшылық етті.  

Біліктілік арттыру: Мәскеу (2007 ж.), Мәскеу (2011 ж.), Германия (Берлин, 2013 ж.), Германия (Мюнхен, 2015 ж.), Қазан (онлайн 2021 ж.).

 

Жарияланымдар:

250-ге жуық ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде, 2019-2024 жылдары жарияланған еңбектер:

  1. Әкімшілік процесінде заңдылық қағидатын жүзеге асыруды қамтамасыз етудің кейбір мәселелері // Международный юридический форум «Право и экономика: национальный опыт и стратегии развития» г. Новосибирск (Российская Федерация). 22–24 мая 2019 года. Новосибирск, 2019. С. 141-147. (РИНЦ).  

2.Статистический анализ Закона Республики Казахстан «Об органах юстиции» от 18 марта 2002 года  (по состоянию на 1.04. 2019 г.) // Сборник: Статистический анализ законов Республики Казахстан в сфере государственного управления. Нур-Султан: ИЗПИ, 2019. С. 53-62.

3.Совершенствование организационно-правовых основ обеспечения аутентичности международных договоров Республики Казахстан   // Материалы международной научно-правовой конференции «Верховенство права в национальном и международном праве как приоритет деятельности ООН и суверенных государств». г. Нур-Султан, 6 сентября
2019 года. Нур-Султан, 2019. С. 188-195.

4.Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында кездесетін  күрделі ұғымдар мен терминдерді қазақ тіліне аудару мәселелері // Материалы научной-практической конференции «Казахстанский конституционализм: проблемы и решения». г. Алматы,  15 ноября 2019 г. – Алматы, 2019. С. 245-250.

  1. Заң жобаларына ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізуді жетілдірудің  кейбір мәселелері // Латын әліпбиі: теория, әдістеме және насихат. – Нұр-Сұлтан: «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ, 2019. 251-253-б.
  2. Заң жобаларын қазақ тілінде әзірлеу: тілдік алғышарттардың бір мәселесі туралы // «Заң мәтінін мемлекеттік тілде әзірлеу: лингвистикалық қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел материалдары. – Нұр-Сұлтан: Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты, 2020. 48-52 б.
  3. Ғылыми лингвистикалық сараптаманың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін жетілдірудің кейбір бағыттары //  Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының жаршысы. 2020. № 2 (60). 195-199. (КОКСОН МНВО РК)
  4. Қазақ тілінің конституциялық-құқықтық мәртебесін құжат айналымы жүйесінде қамтамасыз етудің кейбір мәселелері // Қазақстан Республикасының Конституциясы – қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудың іргелі негізі: ҚР Конституциясының 25 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы – қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудың іргелі негізі»   тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (2020 жылғы 26 тамыз). – Нұр-Сұлтан: «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК, 2020. 171-175-б.
  5. Субъекты административно-процессуальных правоотношений: проблемы правовой регламентации. Монография / Под общей редакцией Сарпекова Р.К. – Нур-Султан: РГП на ПХВ «Институт законодательства Республики Казахстан», 2020. – 337 с.
  6.  Халықаралық шарт мәтіндерінің теңтүпнұсқалығы мәселесіне https://zan.kz/kk/Journal/View?id=a1630ec6-1c49-48db-a7a9-83825ea8c1. 2020. 24 ноября.
  7. Норма шығармашылық процесс мәселелері // www.facebook. 21.02.2021
  8. Ғылыми лингвистикалық сараптаманың заңнама тиімділігін арттыру құралы ретіндегі кейбір ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелері // Право и экономика: национальный опыт и стратегии развития : сб. ст. по итогам III Новосиб. междунар. юрид. форума (27–28 мая, 10 июня 2021 г.) : в 2 ч. / Новосиб. гос. ун-т экономики и управления. – Ч. 1 / под ред. О. Н. Шерстобоева, М. В. Громоздиной, М. С. Саламатовой. – Новосибирск: НГУЭУ, 2021. С. 217-226 (РИНЦ)          
  9. Юридико-технический анализ Регламента Правительства Республики Казахстан // https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=32004380&pos=6;-108#pos=6;-108 (Закон.кз. 2021. 11 июня).
  10. Норма шығармашылық процесс және ғылыми лингвистикалық сараптама: сапалық өзара байланыс мәселелері  // Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының жаршысы. 2021. № 2 (65). 151-158-б. (КОКСОН МНВО РК).
  11. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары әзірлеген кейбір заң жобаларының сапалық әлеуеті // https://online.zakon.kz/Document/?doc_i d=34667111&pos= 91;-26#pos=91;-26 (Закон.кз. 2021. 10 тамыз).
  12. Заң тілі терминологиясының кейбір мәселелері // Материалы IX Международной научно-практической конференции «Наука и образование в современном мире: вызовы   ХХI века». г. Нур-Султан, 10-15 сентября 2021 г. 10. Юридические науки. – Нур-Султан, 2021. С. 47-50. (РИНЦ).          
  13. Ғылымды ғылымсыздықпен ғылымдандыру хақында // https://www.facebook.com/profile.  2021. 25 мамыр.
  14. Ғылыми лингвистикалық сараптаманың жай-күйі (талдау жазба) // – Нұр-Сұлтан: Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты. 2022. – 38 б. қосалқы авторлықта
  15. «Жаңа Қазақстан» идеясы мен қолданыстағы конституциялық-құқықтық институциялар: de lege lata // https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=38266030 (27.01.2022)
  16. Жолдау аясында ұлттық заңнаманы жетілдірудің кейбір аспектілері (бірінші мақала) // https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=36935660 (29.03.2022).
  17. Терминдер қорының жағдайы және оны жетілдірудің кейбір жолдары («әскери іс» саласы мысалында) // Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының жаршысы. 2022. № 2 (69). 213-222-б.  КОКСОН МНВО РК
  18. Конституционная реформа: юридико-лингвистический анализ новелл // https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=37724118
  19. К проблеме билингвистического качества проектов законов // Право и экономика: национальный опыт и стратегии развития : сб. ст. по итогам IV Новосиб. междунар. юрид. форума (25-28 мая, 2022 г.):  – Новосибирск: НГУЭУ, 2022. Часть 1. С. 115-125. РИНЦ         
  20. Терминдер қорының сапалық әлеуеті туралы («геология, геодезия және география» саласы мысалында) // Материалы международной научно-практической конференции, посвященной 30-летию органов юстиции РК на тему: «30 лет служению справедливости и праву». 26 сентября. 2022 года. г. Астана // Вестник МЮ РК. 2022. №3. Специальный выпуск. С. 171-178.
  21. Нормашығармашылық қызметте терминдер қорының сапалық әлеуетін талдау мәселесіне («геология, геодезия және география» саласы мысалында) // «Ахмет Байтұрсынұлы және ғылым тілі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Алматы, 2022. 250-257 б.
  22. «Termincom.kz» - бірыңғай республикалық терминологиялық электрондық базасында орналастырылған терминдер мен сөздерді талдау (талдау жазба) // Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты, 2022. – Астана:  – 50 б., қосалқы авторлықта
  23. Нормативтік құқықтық акті мәтіндерінің теңтүпнұсқалылығы мәселесін шешу // «Заң шығару процесін жетiлдiру» тақырыбындағы дөңгелек үстел материалдарының жинағы (12 желтоқсан 2023 жыл). - Астана, МТКБ «Парламентаризм институты» ШЖК-дагы РМК, 2023. 95-99 б.

 

          Сертификаттар:

  1.  «Тіл философиясы және Әбу Насыр Әл-Фараби философиясының тілі» ІІ Халықаралық Фараби форумы қатысушысының сертификаты. Алматы, 4-5 мамыр, 2023 жыл.
  2. «Ахмет Байтұрсынұлы және ғылым тілі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция баяндамашысының сертификаты, Алматы, 14 желтоқсан 2022 жыл.
  3. Сертификат участника І Международной научно-практической конференции «Цифровые технологии и право», 23 сентября 2022 г., Казань (онлайн).
  4. Удостоверение о повышении квалификации по дополнительной профессиональной программе «Трансформация образовательной деятельности в условиях цифровой реальности», 15-26 ноября 2021 г., Казань (онлайн).
  5. Сертификат научной стажировки по дополнительной профессиональной программе повышения квалификации «Правовые основы цифровой грамотности», 15-26 ноября 2021 г. Казань (онлайн).
  6. Сертификат участника международной научно-практической онлайн-конференции. Москва, 20-21 октября (онлайн).
  7. Certificate of participation of the third International Legal Forum «Tashkent Lay Spring», May 17-18, Tashkent.

 

 

 

 

 

Контакт - центр