АЛИЕВ АКЕЖАН СЕРІКҰЛЫ
Turan-Astana University «Бизнес-администрирование» кафедрасының аға оқытушысы
Академиялық дәрежесі: Экономика ғылымдарының магистрі
Білімі:
2022–2025 жж. – Л.Н. Гумилев атындағы L.N. Gumilyov Eurasian National University «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторанты.
• Докторантура аясында 2024 жылы Прага қаласындағы Чех агротехникалық университетінің (CZU) Экономика және менеджмент факультетінде халықаралық академиялық тағылымдамадан өтті, оның ішінде «Contemporary Issues in Economic Theory» және «Academic Writing» курстары қамтылды.
2020–2022 жж. – Л.Н. Гумилев атындағы L.N. Gumilyov Eurasian National University «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдарының магистрі.
• Үздік дипломмен аяқтаған.
2016–2020 жж. – «Қаржы академиясы» АҚ «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша экономика және бизнес бакалавры.
• Үздік дипломмен аяқтаған.
Кәсіби тәжірибесі:
• 2025 жылғы қараша – қазіргі уақытқа дейін – аға оқытушы, Turan-Astana University;
• 2025 жылғы қыркүйек – қазіргі уақытқа дейін – «Аудит» бөлімінің маманы, «ЭРНСТ ЭНД ЯНГ» ЖШС;
• 2025 жылғы маусым – қазіргі уақытқа дейін – лектор, «Орталық бухгалтерлер үйі» бухгалтерлік есеп және салық салу бойынша оқу-консультациялық орталығы;
• 2024 жылғы ақпан – 2025 жылғы тамыз – аға оқытушы, А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразиялық гуманитарлық институт;
• 2023 жылғы қыркүйек – 2024 жылғы тамыз – аға оқытушы, Turan-Astana University;
• 2022 жылғы қыркүйек – 2022 жылғы желтоқсан – лектор, «SUN» оқу орталығы;
• 2021 жылғы маусым – 2022 жылғы тамыз – жеткізушілермен жұмыс жөніндегі бухгалтер, «Magnum Cash & Carry» ЖШС;
• 2021 жылғы қаңтар – 2021 жылғы мамыр – бас бухгалтердің көмекшісі, «Дегеш Агро ЛТД» ЖШС;
• 2020 жылғы наурыз – 2025 жылғы қаңтар – бухгалтер, «Әділ-Құрылыс» ЖШС.
Негізгі жарияланымдары:
Рецензияланатын ғылыми журналдардағы мақалалар:
- Алиев А. С., Аманова Г. Д., Тажбенова Г. Д., Ахметова А. А., Алиева Ж. С. “Modernisation of accounting practices to reduce financial risks in the construction industry” // Торайғыров университетінің хабаршысы. Экономикалық серия. — 2025. — №4. — DOI: 10.48081/ZYXT9418.
- Алиев А. С., Аманова Г. Д., Алиева Ж. С. «Құрылыс ұйымдарының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі жаңа есеп объектілері» // Атырау университетінің хабаршысы. — 2025. — №4 (79). — DOI: 10.47649/vau.25.v79.i4.30.
- Алиев А. С., Аманова Г. Д., Садуакасова К. Ж. «Құрылыс бизнесіндегі экономикалық қауіпсіздікті есептік-аналитикалық қамтамасыз етудің негізгі компоненттері» // Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. — 2025. — №1. — DOI: 10.32523/2789-4320-2025-1.
Конференция материалдары мен университет еңбектеріндегі жарияланымдар: - Алиев А. С., Аманова Г. Д., Акимова Б. Ж. «Қаржылық ағымдарды жоспарлаудағы стратегиялық есеп» // «Халықаралық есеп және аудит стандарттары: цифрлық экономика жағдайындағы негізгі өзгерістер мен көшу ерекшеліктері» жинағында. — Астана, 2023.
- Алиев А. С. «Бухгалтерлік есептегі экономикалық қауіпсіздіктің заманауи перспективалары» // «ǴYLYM JÁNE BІLІM-2023» жинағында. — Астана, 2023.
- Алиев А. С. «Қазақстан Республикасындағы құрылыс қызметінің есебі мен аудитін нормативтік реттеу жүйесі» // Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. — Астана, 2022.
- Алиев А. С. «Құрылыс компаниясындағы материалдар есебінің аудитін жүргізу тәртібі» // Ресей халықтар достығы университеті. — Мәскеу, 2022.
- Алиев А. С. «Құрылыс қызметінің есебі мен аудитін нормативтік реттеу жүйесі» // Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. — Астана, 2021.
Авторлық куәліктер: - Шоимбаева С. А., Пернебек Ж. Қ., Алиев А. С., Аймағанбетова А. С., Амангелді Х. Ө. «Цифрлы қаржылық активтер, Қазақстандағы майнингтік фермаларының дамуы» (әдеби шығарма). ҚР авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтер енгізу туралы куәлік №66535, 2026 жылғы 20 қаңтар.