Интересное

 
Бірлік - Тәуелсіздік тұғыры!
Еліміздің ең ұлық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев:
«Тәуелсіздік дәуірі дегеніміз – ұлттың бұрын өтуі мүмкін еместей көрінетін шыңыраудың шетіндегі таудың қатерлі соқпағымен жүргенмен бірдей құбылыс. Алайда біз оны да бағындыра алдық», - деген болатын.
Халқымыз қиыншылығы мол қилы кезеңдерді, ауыртпалығы көп тар заманды бастан өткеріп, ата-бабаларымыз аңсаған азаттыққа ұлттық рух пен жігер арқылы қол жеткіздік. Ұлттық мерекені бүгінгі таңда Қазақстан халқы жүрегімен сезінуі керек.
Қазіргі таңда Қазақстан халқының жұмыла жасаған еңбегінің арқасында тәуелсіздігіміз нығайып, асыл қазынамыз достық пен ынтымақ екенін терең сезініп, бірлігі мықты, дамыған тәуелсіз ел ретінде танылып келеміз.
«Нақты тәуелсіздікке және идеялық бірлікке қол жеткізу тек қоғамда тұрақтылық, рухани келісім болғанда ғана жүзеге аспақ». Тәуелсіздігіміздің тұғыры ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр.
Тәуелсіз еліміздің әр шаңырағыңа шаттық, отбасыларыңызға амандық, бақ пен береке тілеймін! Қашанда еліміздің іргесі берік, туы әрдайым биік болсын!
 
 

Контакт - центр