2004-2006 жылдары Семей қаласындағы М.Әуезов атындағы Семей университетінде оқытушы, 2006-2008 жылдары Семей мемлекеттік педагогикалық нститутында аспирант, 2008-2011 жылдары Астана қаласындағы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде оқытушы, 2011-2013 жылдары Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы Т.Ізтілеуов атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжінде оқытушы, 2013-2017 жылдары Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласында Ақсай техникалық колледжінде оқытушы, 2017-2019 жылдары Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде оқытушы қызметін атқарған. 2019 жылдан бүгінге дейін Астана қаласындағы «Тұран-Астана» университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және тілдік пәндер» кафедрасында аға оқытушы болып қызмет атқаруда.
Қазақстан РеспубликасыҒылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысы бойынша «Қазіргі Қазақстан және Абай Құнанбайұлы және оның қоғамдық гуманитарлық ғылымдар саласындағы мұрасы» ғылыми жобасына қатысты.
Жарияланған еңбектері: 30-дан аса ғылыми мақалалар мен ғылыми еңбектер жазған.
«Халқы сүйген қаламгер» / С.Бегалиннің өмірі мен шығармашылығы хақында / монография;
«Экономикалық мамандықтарға арналған қазақ тілі» оқулығы;
«Экономикалық мамандықтарға арналған қазақ тілінен тест тапсырмалары»;
«Елтану» мәтіндер жинағы.
Біліктілікті арттыру курстары:
«Жоғары оқу орындарында білім беру қызметін жүзеге асырудың тиімділігін арттыру», «Тұран-Астана» университеті Бейресми Білім беру орталығы, «Қысқы ғылыми-әдістемелік мектебі», Астана қаласы, 2023 жыл;
"Шеттілдік ғылыми терминдерді аудару: теориясы мен тәжірибесі", ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тіл саясаты комитеті, Ш.Шаяхметов атындағы «тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, 2022 жыл;
«Қазіргі қазақ тілінің стилистикасы», 2022 жыл;
«Преподование второго языка как иностранного в аспекте лингвокультурологического подхода», 2021 г.;
Марапаттары:
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, «Абай академиясы» жобасының ғылыми жетекшісі, академик Е.Сыдықовтың алғыс хаты, Астана, 2022 жыл.