ЖАНГУЛОВА АЛЬНАРА БОКОЙХАНОВНА,
құқық магистрі.
22.04.1984 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келген.
2006 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін үздік бітірді.
2018 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының магистратурасын үздік бітірді
2006-2010 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы соттар Әкімшісінің, Астана қаласы соттар Әкімшісінің сот орындаушысы болып жұмыс істеді.
2010 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы сот әкімшілігі Комитетінің сарапшысы болып жұмыс істеді.
2010-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот актілерін орындау комитетінің бас сарапшысы.
2014 жылы Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының бас маманы болып жұмыс істеді.
2015-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Жоғарғы Сот Аппараты) құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің, азаматтық істер жөніндегі сот алқасы хатшылығының бас консультанты.
2019-2025 жылдар аралығында Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық сотының судьясы, Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы болып жұмыс істеді.
2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының бас сарапшысы.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін (2015 жыл) және Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне түсініктеме әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамына кірді, шетелдік тағылымдамадан өтті, Германия, Висмар қ. университеті (2017 жыл), тәжірибе алмасу шеңберінде Францияда, Париж қаласында мәжбүрлеп орындау тәжірибесін зерттеді (2013 жыл).
Ведомстволық наградалары бар (Құрмет грамоталары, Әділет министрінің, Жоғарғы Сот аппараты басшысының, соттар Әкімшісінің алғыс хаттары және т.б.).