2021 жылғы 25 ақпанда "Тұран-Астана" университетінің (TAU) концерт залында Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстан ӘӘК генерал-майоры, сынаушы-ұшқыш, зерттеуші-ғарышкер, тарих ғылымдарының докторы, "Тұран-Астана" университетінің профессоры атаулы стипендиясын иелену құқығына конкурс жеңімпаздарына стипендия берудің X мерейтойлық рәсімі өтті"Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы .
Қауымдастық Ұлы Жібек жолының туристік бағытын бірлесіп дамыту үшін Қазақстанның және Орталық Азия елдерінің туристік индустриясына қатысушылардың күш-жігерін біріктіру мақсатында 2017 жылы құрылды. Еуразиялық туристік қауымдастық туроператорларды, қонақ үйлерді, мейрамханаларды, аттракциондарды, білім беру мекемелерін, авиакомпанияларды, көлік компанияларын, медициналық мекемелерді, сауда үйлерін, Қазақстан, кейінірек Орталық Азия елдерін біріктіруге бағытталған.
Бүгін TAU университетінің студенттері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских мырзамен кездесті. Жастардың көзімен депутаттың «стеоротипі» қандай екендігі туралы сөз қозғап, талқыладық. Кез келген адамның балалық арманы болатыны секілді, ел ағасының арманы ұшқыш болу екен. Ал депутаттық қызметке келгендегі мақсаты, болашақ арманы - халық игілігі үшін бірлесіп жұмыс жасау. Келешекке өзінің қадамын нық басқан өскелең ұрпақ үшін, олардың дамып, жеке көзқарастары қалыптасуы үшін өзінің оқып, ұнатқан, тәрбиелік мәні зор кітаптар мен фильмдерді ұсынды.