Түйіндеме

Түйіндеме

«(CV) Түйіндемені қалай жасау керек, әңгімелесуден өту және армандаған  жұмыс орнын табу»

Жақсы түйіндеме жазу үшін, Сізге кәсіби өмірбаяныңыздың негізгі фактілеріне назар аудару қажет. Сондықтан сіздің кәсіби визиткаңыз келесі болуы керек:

1. Лауазым
2. Байланыс деректері
3. Жұмыс өтілі
4. Білім
5. Кәсіби дағдылар
6. Ұсынымдар
7. Қосымша ақпарат

Жұмыс берушінің назарын аудару үшін түйіндеме құрылымы қандай болуы керек?

CV ТҮЙІНДЕМЕСІНІҢ үлгісі

1. Лауазымыңызды көрсетіңіз

Егер Сіз түйіндемені қалай жасау керектігін білмесеңіз, міндетті түрде қай лауазымға үміткер екеніңізді  көрсетіңіз. Ол түйіндеменің атауы болады. Бұл сіздің кәсіби визиткаңыздың ең маңызды бөлігі. Дәлірек айтқанда, мысалы: "Бухгалтер", "Ағылшын тілінен аудармашы", "Сатып алу менеджері".

2. Байланыс деректерін қосу

Өзіңізді таныстырып, байланыс нөмеріңізді қалдырыңыз. Тұрғылықты мекен-жайды көрсетудің қажеті жоқ. Міндетті түрде электрондық поштаңызды көрсетуіңіз керек. Сондай-ақ сіздің тұратын қалаңызды немесе көшуге дайын қаланы (егер дайын болсаңыз) көрсетуге болады. Мұнда қанша ақша табуды қалайтыныңызды жазыңыз.

Қандай фотосурет қою керек?  Жалпы, бұл міндетті емес, алайда қоюға болатын ақпарат. Сіздің суретіңіз  сіз туралы көп мәлімет береді. Сондықтан ұялмаңыз, сәтті фотосуретті таңдап, оны өз түйіндемеңізге батыл қолданыңыз.

3. Кәсіби тәжірибеңізді сипаттаңыз

Кәсіби тәжірибеңізді барынша толық сипаттаңыз.

Сіздің міндеттеріңізге не кіргенін және қандай биіктікке қол жеткізгеніңізді егжей-тегжейлі сипаттау өте маңызды. Қиын оқылатын мәліметтерді пайдалану қажет емес. Өз сөздеріңізбен не істегенін, немен айналысқанын, не енгізгенін және алдыңғы жұмыста атқарған негізгі қызметіңізді сипаттаңыз. Өз жетістіктеріңізді ұмытпаңыз!

4. Білім туралы ұмытпаңыз

Енді білім туралы ақпарат. Алдымен жоғары білім немесе арнаулы орта білім туралы жазыңыз. Бұл мәлімет жұмыс беруші сіздің жобаны аяғына дейін жеткізе алуға қабілетіңіз жеткілікті екенін түсіну үшін қажет. Әрине, бұл мәлімет сіздің қандай маман екеніңізді және қандай дағдыларды игергеніңізді көрсетеді.

Мамандық бойынша өткен қосымша курстар, тренингтер, семинарлар туралы ұмытпаңыз. Сіз бір орында тұрмай үнемі біліктілігіңізді жетілдіріп отыратыныңызды көрсетіңіз.

5. Кәсіби дағдыларды көрсетіңіз

Өте маңызды блок — кәсіби дағдылар. Бұл бөлім-«Түйіндемені тағы қалай тартымды етуге болады?» деген сұраққа жауап. Осыдан жұмыс беруші сіздің қабілеттеріңізді біле алады. Алайда, тым көп ақпарат көрсетудің де қажеті жоқ. Егер жазатын нақты ақпарат болмаса, мәліметтердің қайталанбауы  немесе қажетсіз ақпараттарды көрсетпеу үшін  бұл бөлімді бос тастап кеткен жөн. Бәсекелестерден көшірудің қажеті жоқ, өзіңіз жасай алатын жұмыс түрін көрсетіңіз.

Үміттеніп отырған қызметте сіздің тиімділігіңізді және  әлеутіңізді көрсететін қасиеттеріңізге басымдылық жасаңыз.

Қанша тілді меңгергеніңіз туралы мәліметті міндетті түрде көрсетіңіз.

Ұялудың қажеті жоқ, білетін тілдің  бәрін көрсетіңіз. Мүмкін сіздің жұмыс берушіңізге полиглот қажет шығар.

6. Ұсынымдарды қосыңыз

Сізді маман ретінде ұсына алатындардың байланыс деректерін қосу мүмкіндігі болса-өте жақсы! Ұсынымдар көп болған сайын, соғұрлым жақсы.

7. Қосымша ақпаратты енгізіңіз

Әрине, өзіңіз туралы қосымша мәлімет болса қосқан дұрыс . Бәсекелестік, жауапкершілік, ұқыптылық және сол сияқты ақпаратты көрсету қажет. Өз түйіндемеңізде сіздің ішкі дүниеңізді бейнелейтін ерекше мінездеме қосыңыз.

Түйіндеме жазылған кезде

Түйіндемені орналастырмас бұрын, оны келесі бағыттар бойынша тексеріңіз:

онда грамматикалық және лексикалық қателер жоқ па? Достарыңызды жіберер алдында түйіндемеңізді оқып шығуды сұраңыз немесе орфографияны тексеру бойынша онлайн сервистерді пайдаланыңыз;

жұмыс орнының сипаттамасында қазіргі уақыттағы етістіктер болуы тиіс: жұмыс істеймін, жобалаймын, басқарамын;

алдыңғы жұмыс орындарының сипаттамасында өткен уақытта етістіктер болуы керек;

барлық түйіндеме баяндаудың бір стилі болуы керек, сонымен қатар қысқартуларға қатысты — егер Сіз қысқартуларды бір жерде пайдалансаңыз, онда оларды бүкіл мәтін бойынша пайдаланыңыз (қысқартудан бас тартқан жөн және атауларды толық жазу керек);

түйіндеме форматы оқу үшін ыңғайлы болуы керек (кіші әріп емес, тым үлкен әріп емес, жолдар арасындағы жеткілікті қашықтық және т. б.);

баспа нұсқасы үшін жақсы сапалы ақ қағазды пайдаланыңыз;

түйіндеме бір, ең көп дегенде екі бетте болуы керек;

қажет болған жағдайда Сіз түйіндемеге енгізілген барлық ақпаратты растай аласыз.

Қажет болған жағдайда екі тілде түйіндеме жасаңыз. Әрине, шет тіліндегі түйіндемеге де  орыс тіліндегі түйіндеме  сияқты ресімдеу, сауаттылық және стилистикалық рәсімдеуге қатысты талаптар қойылады.

 

Электрондық пошта арқылы түйіндемені қалай жіберу керек

Егер Сіз түйіндемені жұмыс іздеу сайттары арқылы жіберсеңіз, онда Сіз бос жұмыс орнына іздеуді жеңіл жолын қолданасыз. Хат жоғалмауы және міндетті түрде қаралуы үшін түйіндемені электрондық пошта арқылы жіберудің бірнеше қарапайым және маңызды ережелерін есте сақтау қажет.

 

1. Хат тақырыбын көрсетіңіз

Білікті мамандардың айтуынша, ең бірінші және маңызды ереже. Тақырып өрісін міндетті түрде толтыру керек. Тақырып бойынша көрсетіңіз, мысалы: "бос жұмыс орнына жауап..."немесе" позицияға түйіндемелер..."немесе тікелей жазыңыз — "Мен дизайнер".

Осылай сіздің хатыңыз спам-сүзгіден өтіп, хат алушы оны қызықтырушы тақырып бойынша келгенін түсінеді.

2. Хатты ілеспе парақпен толтырыңыз

Жұмыс берушіге түйіндеме тіркелеген бос хатты жіберу дұрыс болмайды. Ілеспе хаттың дұрыс жазылу жолын білсеңіз, түйіндемені сол хатпен ерекше етіп көрсетуге болады.

Егер жазатын нақты мәлімет болмаса келесі нұсқаны қолдануға болады:

«Сәлеметсізбе!» Менің кандидатурамды бос орынға қарастыруыңызды...және менің түйіндеммен ішкі файлда танысуыңызды сұраймын.

3. Смайлдарды көп пайдаланбаңыз Смайлдар немесе эмодзи тілі хат-хабарда өте танымал. Бірақ түйіндеме жіберу кезеңі іскерлік және ресми хат екенін ұмытпаңыз, және Сіз, бәлкім, өз хатыңызды алушыны білмейсіз. Смайлдарды әңгімелесу барысына нақты эмоциялар түрінде сақтаңыз.

4. Түйіндеме тіркелген файлды дұрыс тіркеңіз

Түйіндеме тіркелген файл, портфолио  немесе басқа да хаттарда көрсетілген құжаттар міндетті түрде хатқа бекітілуі тиіс. Егер Сіз қажет файлды хатқа қоса беруді ұмытсаңыз, бұл жұмыс берушінің Сіз туралы пікірін бұзуы мүмкін . Алайда, түйіндемеге ескі мәліметтердің немесе басқа позицияға бағытталған құжаттардың тіркеліп кетпегеніне қайта көз жеткізіңіз. Ешқашан файлды жай ғана "резюме.doc" деп атамаңыз. Оңтайлы нұсқа-өз есіміңіз бен бос орын атауын көрсету. Мысалы, "Петров, сату менеджері түйіндеме ". Жұмыс беруші бір күн ішінде файлдың атауы бірдей бірнеше  хаттарды ала алады, және оның барлығын бір папкада сақтауы тиіс. Оны артық жұмыстан босатып, Сіз қосымша балл ала алсыз. Түйіндемені толтыру барысында  MSWord бағдарламасы қолданылса,  файлды ескі бағдарламаның ескі нұсқасында қол жетімді етіп сақтау керек. Ол жұмыс берушіде бар кез-келген нұсқада ашылуцы мүмкін.. Тартымды сыртқы көрініс үшін, түйіндемені PDF форматында сақтауға болады

5. Грамматикалық қателерді тексеріңіз

Хат мәтінінде және түйіндеменің өзінде грамматикалық қателер, қате жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Мұндай хатта қателерге жол берілмейді: оны арнайы орфограф немесе спеллер көмегімен тексеріңіз. Бұл көмекші барлық қателіктерді байқамайды, бірақ онсыз әлдеқайда нашар.

6. Алушының мекен-жайын соңғы кезекте толтырыңыз

Мұны ең соңғы жасаған жөн- бұл перненің кездейсоқ басылып кетуінен  хаттың қате жіберілмеуіне кепілдік. Сондай-ақ, түйіндемені жіберу кезінде қосымша адресаттарды, көрсетудің қажеті жоқ. Сіз нақты бос жұмыс орнынан жауап алу  үшін хат жазып отыр емессіз бе?

7. Түйіндемені кешке немесе таңертең жіберіңіз

Статистика бойынша, кешкісін немесе таңертең ерте жазылған хаттардың 40% - ы жиі қарастырылады. Рекрутер көріп отырған хаттардың бірінші қатарында болу үшін оны 20:00 және 8:00-ге жіберіңіз. Барлық 7 тармақ орындалғанына сенімді болғанда ғана, хатты жіберуге дайын деп санауға болады.

 

Түйіндеме үлгісі

ФОРТУНА РАЯНА

Тұрғылықты мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы

Ұялы телефон: +7 747 786 38 55, +7 7172 27 80 40 

E-mail: international@tau-edu.kz       

Негізгі дағдылар:

* Ақпараттық-талдау материалдарын дайындау;

*Аналитикалық ақыл ой, егжей-тегжейлі есептерді жазу тәжірибесі;

* Презентациялар мен коммерциялық ұсыныстар жасау.

* БАҚ жарнамалар орналастыру, PR-қамтамасыз ету, ұялы телефонмен сату дағдылары;

* Ұялы телефонмен сату дағдылары;

 

Жұмыс тәжірибесі:

Баспасөз.  Ресей, Еуропа және Қазақстанда көптеген ғылыми конференциялардың қатысушысы

2003-2016 ж. ж. Ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы

Міндеттері: PR-қамтамасыз ету

- ВК-дағы парақша, сайт құру және жүргізу;

-Баспасөз хабарламаларын, мақалаларын жазу;

- Фотосессиялар, бейне сессиялар, репортаждар;

-БАҚ үшін жедел түсініктемелер.

Халықтың барлық топтарына телекоммуникация қызмет көрсету саласындағы министрлік корпорациясында баспасөз қызметінің толық жұмыс циклі. Қызметтер туралы ақпараттандыру, тікелей жарнама емес. Әлеуметтік миссия.  Клиенттік сервисті дамыту

2017-2019 жж. фрилансер болып жұмыс атқардым.

Негізгі міндеті: Мәскеу қаласында компания атынан және есебінен көрмелерге, конференцияларға, тұсаукесерлерге, семинарларға қатысуы (айына 2-5 іс-шара). Бағыттылығы: телекоммуникациялар, маркетинг, қаржы, жеке өсу және т. б.

2017-2019жж. "ТAU University" университеті, www.tau-edu.kz Нұр-сұлтан, Қазақстан

Міндеттері: клиенттік базаны қолдау және дамыту, коммерциялық ұсыныстар мен   шарттар жасау.

01.09-01.12.2018ж Үкіметаралық ұйым, Нұр-Сұлтан қ.
2013-2017жж "Тұран-Астана" университеті Халықаралық ынтымақтастық және маркетинг департаменті, Нұр-Сұлтан қ., ҚР

 Міндеттері: сайттың алға жылжуы: PR бойынша жұмыстардың толық кешенін жоспарлау және бюджеттендіру

2014-2017ж. ж. "ТAU University" Университеті бизнес - инкубатор жастар кәсіпкерлік бөлімінің бизнес кеңесшісі», 
2005-2013ж. ж. ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Астана қ. Инвестициялық саясат Департаментінің бас маманы.

 

Білімі: жоғары экономикалық
"Тұран-Астана" университеті (2016ж.)

 

Қосымша ақпарат
Тілдер:
қазақ, орыс, ағылшын
Дағды: Windows; MS Office (Excel, Word, Power Point, Outlook); Adobe (Acrobat Reader, Photoshop)
Қызығушылығы: газеттерді, журналдарды, ғылыми және классикалық әдебиеттерді оқу, тілдерді үйрену

Байланыс орталығы