"Тұран-Астана" университетінің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы

Аиымбетов Айдын Ақанұлы - «Бәйтерек» БК» АҚ Басқарма төрағасы, әскери-әуе күштерінің генерал-майоры, Халық Қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер
"Тұран-Астана" университетінің қамқоршылық кеңесі университеттің жарғысына және студенттерді оқыту, тәрбиелеу, білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту, университет қызметін қаржылық қолдау, инновациялық процестер саласында университетке жәрдем көрсету, басқару органдарымен, мекемелермен, ұйымдармен, кәсіпорындармен неғұрлым тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін Қамқоршылық Кеңес туралы Ережеге сәйкес құрылды.
Қамқоршылық кеңестің негізгі міндеттері:
1) университеттің үздіксіз жұмыс істеуіне және дамуына жәрдемдесу;
2) оқу-тәрбие процесін жетілдіруге қатысу және білім беру сапасын арттыру;
3) университеттің оқу-материалдық және техникалық базасын нығайту;
4) инновациялық және ғылыми-зерттеу қызметін қолдау;
5) қазақстандық патриотизмді, азаматтықты, адамгершілік-рухани, дене бітімі сау және әлеуметтік белсенді тұлғаның толеранттылығын қалыптастыру үшін тәрбие жүйесін жақсартуға жәрдемдесу;
6) қаржылық, материалдық және өзге де қолдау түрлерін жүзеге асыруда күш-жігерді біріктіру;
7) университеттің қызметі мен дамуын қамтамасыз ету үшін қосымша ресурстар тарту.
«Тұран-Астана» университетінің Қамқоршылық кеңесінің мүшелері