2020 жылдың 30-қазанында «Тұран-Астана» университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс студенттері Нұр-сұлтан қаласындағы Назарбаев университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Айгүл Ісімақованың COVID-19 дәріс сериясы аясында «Мұхтар Әуезов және алаш аманаты» атты тақырыпта өткізген онлайн дәрісіне қатысып, теориялық білімдерін тереңдете түсті.
ІІ-ші Халықаралық қолөнер және бейнелеу өнері байқауында «Күзгі бояулар» бағыты бойынша, «Краски осени» тақырыбындағы көркемсуретімен «ТҰРАН-АСТАНА» университетің «Дизайн» мамандығының 1 курс студенті Мейірбек Мөлдір ІІІ орынға ие болды. І орынға ие болған «ТҰРАН-АСТАНА» университетің «Дизайн, сервис және туризм» кафедрасының аға оқытушысы Хамза К.М.
Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойының аясында Н.Назарбаев қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры ұйымдастырып, магистранттар мен студенттер арасында өткізген «Абай әлемі» атты үздік ғылыми жұмыстар байқауында университетіміздің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс магистранты Калиакбар Үсемхан жүлдегер атанды.