«Зерайна» қоғамдық қорының бастамасымен қор директоры М.Н.Рогатинская «Тұран-Астана» университеті Гуманитарлық-заң факультеті «Әлеуметтік-гуманитарлық және тілдік пәндер» кафедрасының оқытушылары мен «Аударма ісі» мамандығының 1-4 курс студенттеріне арнап ашық онлайн семинар өткізді.
Әлеуметтік институттар болып өкілдік ететіндер: балалар үйлері, арнайы мектептер, жастарға қызмет көрсету орталықтары, оқушылар сарайлары, қарттар үйлері, емханалар, жоғары оқу орындары, мектептер, колледждер және мына бағыттар бойынша жұмыс істейтін өзге де әлеуметтік мекемелер: 1) инклюзивті білім беру; 2) репетиторлық сабақ беру (қазақ тілі, ағылшын тілі, компьютерлік сауаттылық); 3) девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеу; 4) аула және спорт клубтарын ұйымдастыру; 5) қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс.