Оқу-әдістемелік жұмыс
«Ақпараттық технологиялар» кафедрасында білім беру қызметін жоғары білікті мамандар, олар – ғылым докторлары мен кандидаттар, профессорлар мен доценттер, PhD докторлар мен педагогикалық және ғылыми қызметтегі жұмыс өтілі үлкен оқытушылар жүзеге асырады.
«Ақпараттық технологиялар» кафедрасы бекітілген пәндері бойынша білім беру үдерісінің барлық түрін қамтамасыз етеді – дәрістер, зертханалық және тәжірибелік сабақтар, бақылау жұмыстары, аралық бақылау өткізу, білім алушылардың өздік жұмыстары. Пәндердің мазмұны мен деңгейі МЖМБС талаптарына, бекітілген кәсіби стандарттар талаптарына және заманауи ғылым мен техниканың қажеттіліктеріне сәйкес оқытылады.
Сабақтардың үстінде оқытудың инновациялық әдістерінің барлық түрлері қолданылады, сонымен қатар сабақтар интерактивтік түрде және мультимедиялық құралдар көмегімен өткізіледі.
Тәжірибелік және зертханалық сабақтар мамандандырылған кластар мен зертханаларда өткізіледі. «Ақпараттық технологиялар» кафедрасында 137 бірлік заманауи компьютерлік техникамен және білім алушыларды оқыту үшін сондай жұмыс орындар санымен жабдықталған 11 мамандандырылған аудиторияны (В302, В303, В304, В305, В306, В307, В308, В309, В310, В311, В312аудиториялары)қамтитын "Digital Lab" ғылыми инновациялар Орталығы құрылған. Олар:
- Экономикалық зерттеулер және қаржылық менеджмент орталығы;
- «Физика және электр тізбектері» зертханасы;
- «Бағдарламалау»зертханасы;
- «Компьютерлік жүйелер архитектурасы»зертханасы;
- «Ақпараттық жүйелерді жобалау»зертханасы;
- «Компьютерлік желілер»зертханасы;
- «Зияткерлік жүйелерді жобалау»зертханасы;
- «Ақпаратты қорғау»зертханасы;
- 2D, 3D графикалық бағдарламаларымен және 3D анимациялық бағдарламаларымен жұмыстар орындауға болатын қуатты 9 компьютермен жабдықталған«Компьютерлік графика» зертханасы;
- кешендік 6 жұмыс орны Arduino роботтарымен және ноутбуктармен, сонымен қатар 3D принтермен жабдықталған «Электроника және робототехника» зертханасы.
«Ақпараттық технологиялар» кафедрасының білім алушылары тек терең білім, кең ой-өріс, мәдениеттіңжоғарыдеңгейін ғана меңгеріп қоймай, ұтқырлық, креативтілікжәнекөшбасшылыққасиеттердіде дамытады.Осының бәрі де оларға өдерінің алған білімдерін қолдануға мүмкіндік береді.