Бизнес-жобалар байқауы
2019 жылдың 24 қазанында «Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік құқығы» дәрісіндегі танымдық іс-шара аясында аға оқытушы Асель Якубовна Жолдошова ЮП 17-2 топ студенттері арасында бизнес-жобалар байқауын өткізді. Студенттер бүгінгі күннің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған бизнес-жобаларын ұсынды. Жас кәсіпкерлер жоғары белсенділікпен, креативпен, дағдарыстық жағдайларды, тәуекелдерді шынымен бағалау қабілетімен таң қалдырды. Сөз сөйлеген студенттердің ішінде Тельманова Дамира, Шаншарова Шамшырақ, Құдабаев Бақтияр, Жабықбай Арайлым, Ержанов Ұлыбек атап өтілді.