ТАУ түлектері!

 

 ТАУ түлектері!

Тукпатов Мадияр - Алматы ауданы әкімдігінің тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;

"Мемлекеттік және жергілікті басқару" ББ, 2015 жылғы түлек, студенттік жылдары ЖІК төрағасы қызметін атқарды, бітіргеннен кейін "Тұран-Астана" университеті түлектері қауымдастығының бірінші басшысы болды.

 

Түсікбаев Ілияс-Қазақстан Студенттер альянсының төрағасы

"Мемлекеттік және жергілікті басқару" ББ, 2021 жылғы түлек, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі;

2021 жылы "Тұран-Астана" университеті мен Қазақстан студенттер Альянсы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Сонымен қатар Ілияс "Тұран-Астана" университеті түлектері қауымдастығының құрылтайшысы болып табылады.

Геннадий Геннадий Шиповских-2021 жылғы 15 қаңтардан бастап жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі; Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі.

"Менеджмент" ББ экономика ғылымдарының магистрі, 2021 жылдың түлегі.

Өсеров Ілияс Ерікұлы-Алматы қаласы әкімінің орынбасары, экономика ғылымдарының магистрі, "Құқықтану" ББ, 2015 жылдың түлегі.

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасының басшысы қызметін атқарды. Бұған дейін Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Еңбек жолын "Сбербанк"ЕАҚ кредиттік әкімшілендіру бөлімінде бастады. ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінде, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарды атқарды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Ілияс Өсеров стратегия мен бюджет, мемлекеттік активтер, туристік қызмет, халықаралық ынтымақтастық және цифрландыру мәселелеріне жетекшілік етеді.

Жандос Бүркітбаев Қонысұлы-ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, экономика ғылымдарының магистрі, "Құқықтану" ББ, 2020 жылдың түлегі.

Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем клиникалық ауруханасының терапевт дәрігері болып бастаған.

Әр жылдары Алматы қаласындағы республикалық Апаттар медицинасы орталығының дәрігері, ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығы, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2008 жылы Астана қ. "Қан орталығы" ШЖҚ МКҚК басқарды.

2011-2019 жылдары-Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының директоры.

2019 жылғы 23 қаңтардан бастап "Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық"ЖШС басқарма төрағасы қызметін атқарды.

 

Байланыс орталығы