11-15 қараша аралығында «Туран-Астана» университетінде «Бизнес-әкімшілік» кафедрасының апталығы өтті.
Жаңалықтар
Университет

11-15 қараша аралығында «Туран-Астана» университетінде «Бизнес-әкімшілік» кафедрасының апталығы өтті.

11-15 қараша аралығында «Туран-Астана» университетінде «Бизнес-әкімшілік» кафедрасының апталығы өтті. Апталықтың ашылу рәсімі студенттердің білімін тереңдетуге және оларда бизнес-әкімшілік саласындағы кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар сериясын бастады.

Апталық Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасы күніне орайластырылған кафедра апталығының салтанатты ашылуымен басталды. Бұл шараға ұлттық валюта мен бизнес-әкімшілікке қатысты экономикалық және қаржылық білімді дамытуға қызығушылық танытқан студенттер, оқытушылар мен қонақтар жиналды.

Кафедра апталығының ашылуымен «Бизнес және цифрлық технологиялар» жоғары мектебінің деканы Р.А. Аймқұлов, «Бизнес-әкімшілік» кафедрасының меңгерушісі А.Ж. Жүнісова, э.ғ.к., доцент Б.М. Искаков және кафедраның аға оқытушысы Н.К. Қадырова құттықтап, Қазақстандағы экономикалық процестерді зерттеудің маңыздылығын және ұлттық валюта – теңгенің тарихы мен маңызын атап өтті.

Қаржылық сауаттылықты арттыру және қолдау мақсатында, ҚР Үкіметінің 338 «ҚР азаматтарын жаңа қаржы құралдары мен оларды қолдану дағдылары туралы хабардар ету» қаулысы аясында «Halyk Life» АҚ Халық банкінің еншілес компаниясының қаржы кеңесшісі А.М. Исағинова қатысқан кездесу өтті. Кездесу тақырыбы: «Қаржылық сауаттылық».

12 қарашада студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру, экономикалық ойлау қабілетін дамыту және қаржы саласындағы білімдерін тереңдету мақсатында «Қаржы иесі» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.

«Қаржы иесі» ойыны қатысушыларға оқу барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдануға, қаржылық талдау дағдыларын көрсетуге және командалық рухты нығайтуға мүмкіндік берді. Шара студенттер арасында үлкен қызығушылықпен қабылданып, олардың Қазақстанның қаржы жүйесінің ерекшеліктерін жақсырақ түсініп, қаржылық сауаттылықтың қазіргі өмірдегі маңыздылығын ұғынуларына ықпал етті. Шараның сарапшылары мен қазылары ретінде Р.А. Аймқұлов, А.Ж. Жүнісова және ойынды жүргізген аға оқытушы Н.К. Қадырова қатысты.

Ойынның барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша «TAU» командасы жеңімпаз атанып, жоғары дайындық деңгейін, шапшаңдықты және командалық жұмыс істеу қабілетін көрсетті. Жеңімпаздарға және қатысушыларға кафедраның атынан дипломдар, сертификаттар және естелік сыйлықтар табысталды.

13 қарашада студенттер үшін «Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті қаржылай қолдау құралдары» тақырыбында семинар-дәріс өткізілді. Семинарды университетіміздің докторанттары – Кулмұхаммед Құсайранұлы Әбдіқалықов, Азамат Жансейітов, Ботагөз Саруарқызы Тұсыпбаева өткізді. Семинар барысында Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау құралдары, кәсіпкерлердің қаржылық құралдарға қолжетімділігін қамтамасыз ету механизмдері қарастырылды. Сондай-ақ, Үкімет іске асырып жатқан жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған кешенді бағдарлама, қаржы құралдарын алу шарттары және бағдарлама операторы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры туралы ақпарат берілді.

14 қарашада мектеп түлектерімен кездесу ұйымдастырылды. Шараға №14 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушылары қатысты. Кездесудің мақсаты – кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу, университеттің білім беру бағдарламаларымен таныстыру және экономикалық теория бойынша білімдерін кеңейту болды. Осыған байланысты мынадай іс-шаралар өткізілді:

  • «Туран-Астана» университетінің оқу ғимараттарына экскурсия;
  • университеттің білім беру бағдарламаларымен таныстыру;
  • «БА» кафедрасының белсенді студенттерімен кездесу;
  • «Экономика иесі» интеллектуалды ойыны.

«Экономика иесі» интеллектуалды ойынының қорытындысы бойынша жүлделі орындар анықталып, қатысушылар дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталды.

Ұйымдастыру комитетінің құрамына кафедра меңгерушісі А.Ж. Жүнісова, аға оқытушы М.Е. Беспаев, аға оқытушы Н.К. Қадырова кірді. Белсенді студенттер: Дана Бридун, Зейнат Бельдеубаева (Мн-23-1); Аида Айдарханова, Диана Раимова (Ф-23-1); Анель Рысбекова (ГМУ-22-2); Богдан Окунев, Мирас Дастанов, Руслан Мұхитбеков, Рустам Тлеген (Мн-22-2).

Осы күні «Бизнес-әкімшілік» кафедрасының 3-курс студенттері және аға оқытушы С.А. Шоймбаевамен бірге Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің музейіне барды. Экскурсия барысында теңге банкноттары мен монеталары көрсетілді. Олар Ұлттық банк пен Қазақстанның жетекші суретшілерінің бірлескен жұмысының нәтижесінде жасалған. Қазақстанның аумағында ақша ғасырлар бойы қолданылғандықтан, теңге елдің бірінші валютасы емес.

15 қараша 2024 жылы, Ұлттық валюта күні, «Қазақстанның ұлттық валютасы: кешегі, бүгінгі, ертеңгі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің қонағы «Фридом Банк Қазақстан» АҚ корпоративтік бизнес басқармасының басшысы З.А. Әлиев болып, Қазақстандағы коммерциялық банктер туралы ақпарат ұсынды.

Сол күні Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің тұңғыш төрағасы, экономист және қаржыгер Г.Б. Байназаровпен кездесу өтті. Ол «Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында баяндама жасады. Кездесу «Туран-Астана» университетінің профессоры У.Ж. Әлиевтің эпистемология зерттеу орталығымен ұйымдастырылды.

«Бизнес-әкімшілік» кафедрасы апталығының соңғы шарасы – кафедра профессоры Гүлнар Каримқызы Сапарованың 70 жылдық мерейтойымен құттықтау болды. Гүлнар Каримқызы – 140-тан астам ғылыми жұмыстың, соның ішінде монографиялар, 20-дан астам оқу құралдары, Scopus базасындағы ғылыми мақалалар, КОКСОН РК мен РИНЦ журналдарындағы 30-дан астам ғылыми мақаланың авторы. Оның ғылыми жетекшілігімен 6 экономика ғылымдарының кандидаты және PhD докторлары сәтті қорғалды.

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы