Астана қаласы прокуратурасының кубогына арналған сот ойыны байқауы
«Туран-Астана» университетінде «Заң және тәртіп» акциясы аясында Астана қаласы прокуратурасының кубогына арналған алғашқы сот ойыны байқауы өтті.
Байқауға Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ және Туран-Астана университетінің командалары қатысты.
Астана қаласы прокуратурасының қазылар алқасы келесідей құрамда болды: Астана қаласы прокурорының орынбасары Шүйкебаев Д.К., Астана қаласы прокуратурасы аппаратының басшысы Пірімбек Ж.С., Астана қаласы прокуратурасы басқармасының бастығы Аймағанова А.Т., танымал актер Артур Төлепов.
Байқау үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде сот процесі сахналанды. «Туран-Астана» командасы киберқылмыс тақырыбында мемлекеттік тілде, ал ЕҰУ командасы эвтаназия мәселесіне байланысты сот процесін көрсетті. Екінші кезең – шығармашылық байқау, үшінші кезең – жедел сұрақ-жауап (блиц-викторина).
Байқау қызу пікірталаспен өтті, көрермендер де өз пікірлерін білдірді. Астана қаласы прокуратурасының қазылар алқасы қатысушылардың шеберлігі мен білімін жоғары бағалады.
Артур Төлепов студенттердің актерлік шеберлігін ерекше атап өтті.
Қазылар шешімімен жеңіс профессор, з.ғ.к., РАЕН академигі Капсалямов Қ.Ж. жетекшілік ететін «Туран-Астана» командасына бұйырды.
Біз студенттерімізбен мақтанамыз!