20 қараша 2024 жылы «Тұран – Астана» университетінің қабырғасында Заң және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі «Теңізшевройл» ЖШС-ның қызметкері, ілеспе аударма бойынша сарапшы-практик Әмірова Зәру Ырысқалиқызымен қонақ дәріс ұйымдастырды.
Жаңалықтар
Университет

         Кездесудің мақсаты «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының ілеспе аударма қағидалары мен аудармашы мамандығының кәсіби дағдыларын қалыптастыру жөнінде практикалық білім алу. 

Дәріс барысында ғылым мен технологияның, сыртқы саясат пен бизнестің дамуына байланысты 21 ғасырдағы аудармашы мамандығының өзекті мәселелері талқыланды.

Лектор студенттерге стресске төзімділік, айқын дикция, жылдам реакция, тыңдау қабілеті, шешендік сөйлеу дағдылары, әдептілік пен құпиялылық, психологиялық икемділік және т.б. сияқты құзыреттерді дамытуға кеңес берді, сондай-ақ синхронды аудармашы жұмысының ерекшеліктерін және дипломатиялық кездесулер, халықаралық конференциялар, симпозиумдар мен іскерлік келіссөздерде ақпаратты максималды жедел берудің қиындықтарын қарастырды.

Қонақ дәрісі аудиторияның аса қызығушылығын тудырды, синхронды аудармаға қатысты сұрақтар талқыланды және толық жауаптар берілді. Студенттер мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізу қажеттілігі туралы пікір білдірді. 

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы