Университет
АХҚО сотының тренингіне қатысу
Қолданыстағы заңнамаға үнемі енгізіліп отыратын жаңалықтарды ескере отырып, ҰжХҚ кафедрасының оқытушылары тәжірибелі заңгерлер ретінде біліктілікті арттыру курстарынан үнемі өтіп отырады. Аға оқытушылар Сатаева А.Б. және Әбілкасова К.Б. АХҚО сотының сот ісін жүргізуге қатысу ерекшеліктері бойынша тренингке қатысты. Бұл біздің түлектеріміздің бәсекеге қабілеттілігі мақсатында оқытылатын пәндерді жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, іс-шара барысында Тұран-Астана Университеті студенттерінің АХҚО сотына оның қызметімен танысу үшін келуі туралы келісімге қол жеткізілді.