Құрметті студенттер мен магистранттар!
Жаңалықтар
Разное

Құрметті студенттер мен магистранттар!

 

 

Босаған бос мемлекеттік білім беру гранттарына өтініштерді қабылдау жарияланады.

Өтініштер 2025 жылдың 20 маусымына дейін қабылданады.

 

Қызығушылық танытқан студенттер мен магистранттар тиісті деканатқа хабарласа алады немесе өтініш жазып, оны сканерленген түрде электронды пошта арқылы жібере алады.

Өтінішті жіберу қажет ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА мекенжайы: E-mail:

Бизнес және цифрлық технологиялар жоғары мектебі - r.aimkulov@tau-edu.kz.

 

Байқауға келесілер өтініш бере алады:


 
  1. Білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттері:

 

- 6В06101 - Ақпараттық жүйелер - орта білім негізінде (4 грант);

- 6В11101 – Туризм - орта білім негізінде (2 грант);

- 6В06102 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету - техникалық және кәсіптік білім беру негізінде (2 грант).

 

 

  1. Білім беру бағдарламаларының 2 курс студенттері:

 

- 6В02101 – Дизайн -  орта білім негізінде (1 грант).

- 6В11101 – Туризм - техникалық және кәсіптік білім беру негізінде (1грант)

 

Қатысу шарттары:

1.Ақылы негізде оқитын студенттер қатысады;

2.  Сессия қорытындысы бойынша берешегі жоқ;

3. «F» бағасы бар студенттер бос білім гранттарына үміткер бола алмайды;

4. Іріктеу критерийлері: жоғары GPA.

 

Келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1. Студенттің GPA балын жалпыға қолжетімді жерде жариялауға келісімі туралы өтініші;

2. Транскрипттен үзінді;

3. Жеке куәліктің көшірмесі.

 

«Тұран-Астана» университетінің әкімшілігі

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы