БАСТАПҚЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ АККРЕДИТТЕУ
Жаңалықтар
Университет

БАСТАПҚЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ АККРЕДИТТЕУ

 

БАСТАПҚЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ АККРЕДИТТЕУ

2025 жылғы 29-30 мамыр аралығында «Тұран-Астана» университеті Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттіктің (IQAA) сараптамалық тобының қатысуымен бастапқы бағдарламалық аккредиттеуден өтеді.

Аккредиттеуден өтетін білім беру бағдарламалары:

  • 6B06103 – Digital Marketing
  • 6B04203 – Сандық құқықтану
  • 6B02103 – Режиссура

Аккредиттеудің мақсаты – аталған бағдарламалардың сапасын ұлттық және халықаралық стандарттарға, кәсіби қауымдастық пен еңбек нарығының талаптарына сәйкес кешенді бағалау.

IQAA сараптамалық тобының жұмысы аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:

  • оқу-әдістемелік және нормативтік құжаттарды талдау;
  • материалдық-техникалық базаны бағалау;
  • аккредиттелетін бағдарламалар бойынша практика базаларына бару;
  • университет басшылығымен, профессор-оқытушылар құрамымен, білім алушылармен және жұмыс берушілермен сұхбат жүргізу;
  • барлық мүдделі тараптардың кері байланысын зерттеу.

Білім беру процесінің барлық қатысушыларын жоғары дәрежеде қатысуға және ынтымақтастыққа шақырамыз.

Сапа қамтамасыз ету орталығы

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы