Білім күнімен!
Жаңалықтар
Университет

Білім күнімен!

 

Құрметті студенттер, әріптестер!

Сіздерді Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Білім күні-бұл студенттер мен оқытушылар үшін көңіл толқытатын маңызды мереке. 1 қыркүйек-еліміздің әрбір тұрғынының өміріндегі ерекше күн, бұл игі бастамалардың, жаңа білім, білік пен дағдылардың нышанын білдіретін мейрам.

Бұл мерекеде 1 қыркүйектен бастап біздің бірінші курс студенттерімізге жеке құттықтау сөздерін айтуға рұқсат етіңіздер. Бүгін сіздер таңдаған мамандық бойынша оқуда, ғылымда, спортта, мәдени-шығармашылық және қоғамдық қызметте мүмкіндіктер әлемі ашылуда.  Оқу орнының қабырғасында өткізілген жыл сіз үшін өзін-өзі тану, дамыту және жетілдіру жылы болсын! Студенттік жылдар-бұл тек оқу мен жаңа білім алу уақыты ғана емес, сонымен қатар достық, махаббат пен шаттық кезеңі. Адал достар мен пікірлестер табуға тілектеспіз!

Барлық студенттерге оқуда сәттілік, жақсы нәтижелер, жағымды жаңалықтар тілейміз!

Біз оқытушыларымыз бен қызметкерлерімізді құттықтаймыз! Құрметті әріптестер, Сіздердің күш-жігерлеріңіз бен еңбектеріңіздің арқасында жоғары білікті мамандар даярлануда, жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін қолайлы орта қалыптасуда. Сіздер өз білімдеріңізді, дағдыларыңызды, тәжірибелерңізді және игі дәстүрлеріңізді ұрпақтан-ұрпаққа беріп, білім нәрімен сусындатып жатсыздар. Сіздерге күрделі және жауапты жұмыстарыңыз үшін шын жүректен алғыс білдіреміз! Барлық ұжымға жасампаздық, әр бастамаларда табыс тілейміз!

 

"Тұран-Астана" университетінің ректоры
Жапарова Гүлжамал Әлкенқызы 

 

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр