«Тұран-Астана» университеті Қытай елімен халықаралық серіктестігін кеңейтуде
«Тұран-Астана» университеті Қытай елімен халықаралық серіктестігін кеңейтуде
«Тұран-Астана» университеті халықаралық ынтымақтастықты дамытуда жаңа қадам жасады! Қытай делегациясымен өткен ресми кездесу барысында Нанкин өнеркәсіптік технологиялар кәсіптік университетімен (Нанкин қ., Қытай) 2+2 қос дипломдық бағдарламасын іске қосу туралы келісімге қол қойылды.
Бұл бағдарлама студенттерге екі жыл «Тұран-Астана» университетінде, екі жыл Қытай университетінде білім алуға және екі жоғары оқу орнының дипломын алуға мүмкіндік береді. Бағдарлама келесі бағыттарды қамтиды:
- Менеджмент және Ақпараттық жүйелер – «Тұран-Астана» университеті тарапынан
- Электрондық коммерция және Жасанды интеллект – Нанкин өнеркәсіптік технологиялар кәсіптік университеті тарапынан.
Сондай-ақ, ынтымақтастық аясында:
- «Тұран-Астана» университетінде Қытай тілі оқу орталығы ашылатын болады
- Студенттер Қытайдың жетекші компанияларында тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады
Бұл келісім Ресей-Қытай ғылым және білімді дамыту қорының қолдауымен жүзеге асты.
«Тұран-Астана» университеті студенттеріне жаһандық мүмкіндіктер ұсынуға, сапалы білім мен халықаралық тәжірибе алуға жағдай жасауға ұмтылады.