Ғылыми мақалаларды ағылшын тілінде жазудың негізгі ерекшеліктері. Профессор Тунч Меденидің семинары
Жаңалықтар
Курсы повышения

Ғылыми мақалаларды ағылшын тілінде жазудың негізгі ерекшеліктері. Профессор Тунч Меденидің семинары

22 қараша 2019 жылы "TAU" университетінде профессор-оқытушыларға арналған «Халықаралық деректер қорымен индекстелген журналдарда ғылыми мақалалар жазу және жариялау» атты ғылыми семинар өтті.

Семинардың спикері, профессор Тунч Медени, Scopus мәліметтер базасында индекстелген журналдың бас редакторы бола отырып, ғылыми мақалаларды ағылшын тілінде жазудың негізгі ерекшеліктері туралы айтты және авторларға журналдардың талаптарына сәйкес ғылыми материалдарды дайындау бойынша ұсыныстар берді.

 

Талқыланатын мәселелер шеңбері семинардың тәжірибеге бағытталған сипаты қатысушыларға үлкен қызығушылық тудырды. Тыңдаушылар алдағы уақыттағы ынтымақтастыққа сенім білдірді.

Еске салайық, профессор Тунч Медени біздің университетімізге шетелдік ғалым ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдар мен кеңесшілерді тарту» бағдарламасы бойынша шақырылған болатын.

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр