Университет
ҚР БП жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы магистрантының "Құқықтану "ББ студенттеріне арналған қонақ дәрісі
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитеті» РММ-нің студенттердің отбасылық құндылықтарды, гендерлік әділеттілік пен теңдіктің дамуы туралы хабардар болуы бойынша жұмысты күшейту туралы ұсыныстарына қатысты хатын орындау мақсатында , ҰжХҚ кафедрасы «Құқықтану» ОБ 1-ші және 2-ші курс студенттеріне қонақтық дәріс ұйымдастырды. Дәріс оқыған Киздарбекова Дана Бериковна
ҚР МКҚК Құқық қорғау органдары академиясының магистранты, 2-дәрежелі заңгер «Қазақстан Республикасының отбасы саясаты» тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде Д.Б.Киздарбекова отбасы саясаты саласындағы бірқатар проблемаларды анықтады, атап айтқанда,
- тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесінің өзектілігі;
- саналы ата-ана мен әкелікті қалыптастыру мәселесі;
- соңғы жылдары некеге тұру көрсеткішінің төмендеуі;
- алименттік қарыздарды төлемеу. Практикалық мысалдар, статистикалық мәліметтер, талдаулар мен түсініктемелер берді.