Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛАР: ҒЫЛЫМ МЕН ҚОҒАМ ҮШІН ЖАҢА СЫН-ҚАТЕРЛЕР МЕН МҮМКІНДІКТЕР»
Жаңалықтар
Университет

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛАР: ҒЫЛЫМ МЕН ҚОҒАМ ҮШІН ЖАҢА СЫН-ҚАТЕРЛЕР МЕН МҮМКІНДІКТЕР»

2025 жылғы 24–25 сәуірде «Туран-Астана» университетінде (Астана қ., Қазақстан) аралас форматта оқытушыларға, студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференцияның мақсаты — жас зерттеушілер мен мамандарды ғылым мен қоғамдағы жасанды интеллект пен инновацияларды қолдану мәселелерін талқылауға тарту.

Іс-шара шеңберінде ғылыми-тәжірибелік жұмыстар мен жобалар бойынша халықаралық конкурс өткізіледі. Қатысушылар өз жобаларын сарапшылар алқасына ұсынып, кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік ала алады.

Ұйымдастырушылар мен серіктестер:
«Туран-Астана» университеті, МГТУ «СТАНКИН», Мәскеу политехникалық университеті, Орыс тілі бойынша ғылыми-зерттеу институты, М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дің студенттік ғылыми қоғамдары және «Жобалық оқыту теориясы мен практикасы» журналы.

Ғылыми қызметке және инновациялық тәсілдерді дамытуға қызығушылық танытқан барлық тұлғаларды қатысуға шақырамыз!

Конференцияға қатысу үшін өтінім мен материалдарды электрондық поштаға жіберуге болады: smoilovs@mail.ru

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы