Конрад Аденауэр атындағы қордың SUR PLACE
Жаңалықтар
Активности

Конрад Аденауэр атындағы қордың SUR PLACE

Конрад Аденауэр атындағы қордың SUR PLACE

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Біз сіздердің назарларыңызға Конрад Аденауэр атындағы қордың SUR PLACE бағдарламасын ұсынуға қуаныштымыз!
Осы бағдарлама арқылы Конрад Аденауэр қоры өзінің қабілетін оқуда ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар білімін, күш-жігері мен өз бастамаларын елдің саяси және әлеуметтік өміріне қатысуға арнайтын дарынды жастарға қолдау көрсетеді.
SUR PLACE жергілікті стипендиясы 5 ай мерзімге берілетін ай сайынғы өтеусіз ақшалай төлемдерді ұсынады.
Конкурсқа кім қатыса алады?
Қазақстанның ЖОО-да (жоғары оқу орындарында) күндізгі бөлімде оқитын және конкурстық іріктеуден өткен Қазақстан Республикасы азаматтары қордың стипендиаттары бола алады. Ерекшелік ретінде соңғы курста оқитын студенттерге стипендия тағайындалуы мүмкін. Құжаттарды тапсыру кезінде қатысушының жасы 30-дан аспауы тиіс. Конкурстық іріктеу кезінде еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысатын, белсенді өмірлік ұстанымы, кең дүниетанымы бар және көздеген мақсатына жете білетін студенттерге басымдық беріледі. Шет тілін білу құпталады, бірақ міндетті болып саналмайды.

Конкурстық іріктеу

Конрад Аденауэр атындағы Қорының болашақ стипендиаттары екі сатылы конкурстық іріктеуден өтеді: төменде көрсетілген тізім бойынша құжаттарды тапсыру және сұхбаттасу болады.

 

Конкурсқа қайда және қалай қатысуға болады?

Іріктеу конкурсына қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  • Кандидаттың толтырылған сауалнамасы фотосуретпен – сауалнама нұсқасын www.kas.de/web/kasachstan  сайтынан жүктеп алуға болады;
  • 3 * 4 форматтағы 1 фотосурет;
  • Түйіндеме (нем. немесе ағыл.);
  • Алған білімін болашақта қалай пайдаланатыны туралы жоспары мен білім алуының мақсаттарын дәлелдейтін шағын хат жазу, 2 беттен артық емес. (нем. немесе ағыл.);
  • Білім алғандығы туралы құжаттарының көшірмесі (сынақ кітапшасы/транскрипт, сертификаттардың нем. немесе ағыл. тілдеріне аударылған ЖОО-мен куәландырылған көшірмесі);
  • Жоғары білім алу туралы құжаттарының көшірмесі (магистратура және докторантура студенттеріне) нем. немесе ағыл. тілдеріне аударылған;
  • ЖОО-ның екі оқытушысынан стипендияға үміткердің оқу, саяси немесе әлеуметтік белсенділігіне баға беретін мінездеме хаттары нем. немесе ағылш. тілдерінде, оқытушылардың байланыс телефоны және/немесе электрондық поштасының мекен-жайы көрсетілуі тиіс;
  • Оқу орнынан алған анықтама қағазы (нем. немесе ағыл. тілдеріне аударылған).

Құжаттардың толық пакетін тек ПОШТА АРҚЫЛЫ келесі мекенжайға жолдау керек:

Конрад Аденауэр атындағы Қорының Қазақстандағы өкілдігі
010001 Нұр-Сұлтан қаласы
Қабанбай Батыр даңғылы, 6/3-82

«SPS конкурсына»

Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні: 20.01.2020 (жіберілген пошталық штемпель)


Егер сіз осы ақпаратты өз университетіңіздің студенттері арасында таратсаңыз, біз сізге алғысымызды білдіреміз.

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр