Мәнерлеп оқу сайысы
Жаңалықтар
Разное

Мәнерлеп оқу сайысы

2019 жылдың 5 наурыз күні  Тұран-Астана университетінің акт залында «Все о... маме» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Шараға заң факультетінің 1 курс студенттері қатысып, өздерінің шығармашылыққа, әдебиетке деген қызығушылықтары өте айқын екенін көрсете білді. Сонымен қатар «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері де шеберліктерін танытып, жүлделі орындарға ие болды.

1-орынды «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенті Жуазбай Индираға бұйырса, 2 -орынды заң факультетінің студенті ерекше көзге түскен Калямова Каролина иеленді. 3-орын «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенті Серімхан Еркебұланға бұйырды.

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы