Нұр-Сұлтан қаласының адвокаттар алқасының мүшесі Серікбекова Самал Бақытқызының қонақ дәрісі
Жаңалықтар
Кафедра "Национальное и международное право"

Нұр-Сұлтан қаласының адвокаттар алқасының мүшесі Серікбекова Самал Бақытқызының қонақ дәрісі

2019 жылы қазан айының 9 күні  қонақ дәрісі аясында «Құқықтану» және «Халықаралық құқық» мамандықтарының студенттеріне заң ғылымдарының кандидаты, заңгер, қорғаушы, Нұр-Сұлтан қаласының адвокаттар алқасының мүшесі Серікбекова Самал Бақытқызымен «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының жаңалығы» тақырыбында  тренинг өткізілді.

Тренинг барысында еңбек шартын жасасу, өзгерту және тоқтатудың ең проблемалық мәселелері атап көрсетілді, қызметкерлерді заңсыз жұмыстан босату туралы құқық қолдану тәжірибесінің мәселелері айтылды, сондай-ақ еңбек шартын заңсыз тоқтатудың құқықтық салдары да қарастырылды. Тренинг соңында қатысушылар тренингтің тақырыбы бойынша сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы