ТАУ университеті Суретшілер одағымен бірлесіп «ДАЛА ӨРНЕКТЕРІ-2019» атты VII Республикалық көрмесін өткізді
Ағымдағы жылдың 13 желтоқсан күні Тәуелсіздік сарайында «ДАЛА ӨРНЕКТЕРІ-2019» атты VII Республикалық көрме өтті, көрме ұйымдастырушылары – TAU университеті, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Тәуелсіздік сарайы" МКҚК, Суретшілер одағы, ҚР Көрекмөнер академиясы.
Көрмені ашу рәсімінде ҚР Суретшілер одағының астаналық бөлімшесінің төрағасы Исмаилов О.Д. осы көрмені ұйымдастыруда қолғабыс еткен университеттің ректоры Жапарова Гүлжамал Әлкенқызына алғыс хат табыстады.
Сурет көрмесін ұйымдастырудың басты мақсаты – студенттердің өнерлерін көрсету. Студенттердің ұсынылған еңбектері алуан түрлі техникаларда орындалған (көркем сурет, акварель, графика).
(фотосурет http://indepalace.kz/ сайтынан алынған)
Жастардың шығармашылық жұмыстарында дәріптелген еліміздің көркем табиғаты, тарихи жерлер, ұлттық құндылықтар, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері өнер қастерлеушілеріне ұмытылмайтын әсер қалдырды.
«Бейнелеу өнерінің қастерлеушілеріне студенттердің өнерлерін байқату мақсатымен ұйымдастырылған бұл көрме өнердің дамуы мен тәжірибелік алмасу, шеберлер мен суретшілердің ойын есту тәрізді нәтижелерге себеп болады деп ойлаймын»,- көрменің ұйымдастырушысы, ТАУ университетінің аға-оқытушысы Тасмағанбетова Айткүл Рахимбаевна өз ойымен бөлісті.