Тоқтар Әубәкіровтің атаулы стипендияларын салтанатты түрде тапсыру
Жаңалықтар
Университет

Тоқтар Әубәкіровтің атаулы стипендияларын салтанатты түрде тапсыру

"Тұран-Астана" университетінде Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, ұшқыш - ғарышкер, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтің атаулы стипендиясының иегерлеріне сертификаттар табыстаудың XII салтанатты рәсімі өтті.

Биылғы жылы стипендияға 20 студент ұсынылып, 5 студент марапатталды. Студенттердің әрқайсысы түрлі бағыттар бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізген, бірақ оларды білімге деген ұмтылыс біріктіреді.

"Тұран-Астана" университетінің ректоры Гүлжамал Әлкенқызы Жапарова өзінің құттықтау сөзінде "Тұран-Астана" университетінің студенттері үшін бұл маңызды қағидатты – әлеуметтік жауапкершілікті іске асырудың нақты мысалы екенін атап өтті. Болашақта осы стипендияны алған студенттер табысты кәсіпкерлер немесе шенеуніктер бола отырып, өз кәсіпорындары мен ұйымдарының әлеуметтік жауапкершілігін дамытады, туған аlma mater-ға көмектеседі деп үміттенеміз деді.

Тоқтар Оңғарбайұлы атаулы стипендия иегерлеріне сертификаттарды салтанатты жағдайда табыс етті. Стипендиаттарға арнаған сөзінде Тоқтар Оңғарбайұлы тек еңбекпен және білімге деген ұмтылыспен ғана жетістікке жетуге болатынын атап өтті.

2023/24 оқу жылының атаулы стипендия иегерлерін құттықтаймыз!

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр