Цифрландыру дәуірі магистранттар үшін білім алуда, ғылыми зерттеулер жүргізуде және кәсіби даму жолында жаңа көкжиектерді ашты.
Цифрландыру дәуірі магистранттар үшін білім алуда, ғылыми зерттеулер жүргізуде және кәсіби даму жолында жаңа көкжиектерді ашты. Интернет-технологиялар мен электрондық кітапханалар білім беру үдерісінің ажырамас бөлігіне айналып, магистратурада тиімді пайдалануға болатын құралдар мен ресурстардың кең спектрін ұсынады.
2024 жылы 14-15 қарашада «Әлеуметтік-гуманитарлық және тілдік пәндер» кафедрасының докторы PhD Аскарқызы Самалдың практикалық сабағы аясында «Туран-Астана» университетінің электрондық кітапханасымен онлайн режимінде жұмыс істеу ұйымдастырылды. Іс-шараға 1, 2-курс «Педагогика және психология» және «Білім беру саласындағы менеджмент» мамандықтарының орыс тілінде білім алатын бөлімінің магистранттары қатысты.
Электрондық кітапханамен жұмыс істеудің басты мақсаты:
- Магистранттарды университеттің электрондық кітапханасының функцияларымен таныстыру.
- Курстық, диссертациялық және ғылыми-зерттеу жобаларын орындау үшін ғылыми ақпаратты іздеу дағдыларын үйрету.
- Магистранттардың цифрлық сауаттылығын арттыру.
- Магистранттарға «Туран-Астана» электрондық кітапханасының мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы ақпарат ұсыну.
- Қатысушыларға электрондық кітапхананың интерфейсін пайдалану, соның ішінде кілт сөздер арқылы іздеу, нәтижелерді сүзу және құжаттардың толық мәтініне қол жеткізу тәсілдері көрсету.
- Магистранттар оқытылатын пәндері бойынша библиография құрастыру тапсырмаларын орындады.
- e-Library және халықаралық ресурстар секілді дерекқорларға (қолжетімділік болған жағдайда) ерекше назар аударылды.
- Қатысушылар ақылы мақалаларға қол жеткізу, библиографиялық менеджерлерді пайдалану және электрондық кітапханамен жұмыс істеудің техникалық аспектілері бойынша сұрақтар қойылды.
«Туран-Астана» университетінің электрондық кітапханасымен жұмыс істеу магистранттар үшін пайдалы әрі нәтижелі болды. Алынған білім мен дағдылар олардың ғылыми қызметінің сапасын арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл іс-шара «Туран-Астана» университетінің цифрландыру дәуіріне сәйкес дамығанын және 24/7 режимінде білімге қол жеткізу мүмкіндігін ұсынатынын дәлелдейді.