"Тұран-Астана" университеті мен "Huawei" компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды
2024 жылғы 11 наурызда "Тұран-Астана" университеті мен "Huawei" компаниясы арасында Бас директор Чжао Сюдің атынан ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Осы меморандум аясында біз жақын арада университетіміздің базасында Huawei ICT Academy зертханасын ашуды жоспарлап отырмыз.
ICT Academy Huawei - бұл Huawei-дің ақпараттық-коммуникациялық технология cаласында студенттер мен кәсіби мамандарды оқыту үшін құрылған бастамасы. Академия студенттерге, оқытушыларға және АТ мамандарына кең білім беру ресурстарын, сертификаттар мен мүмкіндіктерді ұсынады. Оқу бағдарламалары желілік технологияның, бұлтты есептеудің, жасанды интеллекттің және АКТ-дағы басқа да негізгі салалардың әртүрлі аспектілерін қамтиды. ICT Academy Huawei-де оқу біздің студенттерге кәсіби дағдыларды арттыруға және ақпараттық технологиялар саласындағы мансаптық мүмкіндіктерді кеңейтуге көмектеседі.
Қол қойылған меморандум шеңберінде салалардағы өзара ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шаралар да іске асырылатын болады:
- жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және үздіксіз білім беру саласында адами капиталды дамытуға жәрдемдесу;
- бірлескен білім беру бағдарламалары мен курстар әзірлеу және іске асыру;
- бірлескен форумдар, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т. б. ұйымдастыру және өткізу;
- бірлескен ғылыми-зерттеу бастамаларын іске асыру;
- ұйымдастырушылық, консультациялық және ақпараттық-талдамалық қолдау жүргізу;
- брендті өзара тануды дамыту.
"Тұран-Астана" университетінің қызметкерлері мен білім алушыларын осы айтулы оқиғамен құттықтаймыз!
Цифрлық трансформация
департаменті