«Тұран-Астана» университетінде 2024 жылдың 18 сәуірінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері үшін Құқықтану бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті.
«Тұран-Астана» университетінде 2024 жылдың 18 сәуірінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері үшін Құқықтану бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті.
Олимпиаданың мақсаты болашақ заңгерлердің кәсіби қабілеттерін анықтау және дамыту болды. Олимпиадаға 24 жоғары оқу орны қатысты.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды: біріншісінде қатысушылар қылмыстық және азаматтық құқық бойынша тест тапсырмаларын, ал екіншісінде қылмыстық және азаматтық процестер бойынша ситуациялық кейстерді шешті.
Әр қатысушының жұмысы жеке бағаланды және ең көп ұпай жинаған алты студент жүлделі орындармен марапаттауға ұсынылды.
Екі турдың қорытындысы бойынша Тұран университетінің студенті Арманқызы Қызғалдақ жеңімпаз атанды, жетекшісі: К.А. Жұмабаева
II дәрежелі дипломмен Астана халықаралық университетінің студенті Москаль Сергей Иванович марапатталды, жетекшісі: И.Ш. Борчашвили
II дәрежелі дипломмен Астана халықаралық университетінің студенті Даниярқызы Қарлығаш марапатталды, жетекшісі: Ж.Д. Сейілханов.
III дәрежелі дипломмен Ошлакова Милана Руслановна, Caspian University студенті марапатталды, жетекшісі: С.А. Әкімбекова
III дәрежелі дипломмен Caspian University студенті Козырева Анна Игоревна марапатталды, жетекшісі: С.Л. Дильмухаметов
III дәрежелі дипломмен Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенті Медетова Мөлдір марапатталды, жетекшісі: М.Ж.Тәжіғалиева
"Тұран-Астана" университеті Республикалық олимпиаданың барлық қатысушыларын әсерлі нәтижелерімен шын жүректен құттықтайды және жаңа шығармашылық бастамалар мен кәсіби жетістіктерге ізгі тілектерін білдіреді!